Тәрбие қашан пайда болды?



бет3/5
Дата21.05.2022
өлшемі22,94 Kb.
#35226
1   2   3   4   5
Тәрбие технологиясы - тәрбие мақсатына жетуге мүмкіндік беретін, тәрбие үдерісінің теориялық тұрғыдан дәлелденген форма, әдіс және тәсілдер жиынтығы.
Тәрбиелеу технологиялардың өлшемдері, белгілері қандай?
1. Нақтылық
2. Мақсатын диагностикалауға болады
3. Алгоритм бойынша іс-әрекет
4. Тәрбиелік әрекет
5. Тәрбиенің нәтижесін кері байланыс арқылы өлшеуге болады
Ұжымдық- шығармашылық іс бұл айқын, еңбек және ойынмен, шығармашылық және жолдастық қарым-қатынаспен, арман және қуанышпен толыққан ұйымдастыру тәсілі, сонымен бірге сынып жетекшісінің негізгі тәрбие құралы!!!
Қиын” жеткіншектер дегеніміз – өтпелі кезеңде болғандықтан еліктеушілік, ата-ананы, мұғалімді тыңдамау, т. с. с. кереғар әрекеттердің әсерінен, мінез-құлқында қайшылықтар қалыптасқан, педагогикалық іс-әрекетке бағынбайтын, үнемі қарсы тұратын бала.
Қиын балалардың кездесетін ортасы:

  1. Мектептегі жағдай. Оқушы сабаққа кешігеді, сабақтан қашады, мұғалімдермен сөз жарыстырып, оларды тыңдамайды, сабағы нашар, тәртібі нашар...

  2. Жанұядағы жағдай: Бала ата-анасын тыңдамайды, күнделігі толған екі, өтірік ауырып қалады, үй бетін көрмейді, қалтасынан бір-екі дана шылым шығады..., т.с.

  3. Достар арасындағы жағдай: Сыныптағы оқушылармен сөйлеспейді, сабақ үстінде өз құрбыларын мазақ етіп отырады. Сыныппен бірге іс-шараларға қатыспайды..., т.с.

«Тәрбиесі қиын балалар» Бұл ұғым– қазіргі практикада «жеке басын тәртіпке салу қажет» балалардың ортасын білдіреді. Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балалар да жатады.
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Қиын балалармен тәрбиелік жұмыстың мақсаты: Жоғары адамгершілік принциптерді қалыптастыру. Оқуға, білімге, ғылымға ұмтылған, көп мәдениетті меңгерген тұлға тәрбиелеу!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет