«Қиын» балалармен тәрбиелік жұмыстың мәні: «Қиын» балаларды қоғамнан шеттетпеу, оларға мейлінше жан- жақты тәрбие беру!!!
Бұзақылыққа бейім тұратын жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ата- аналардың жіберетін қателіктері: 1.Әлеуметтік жағдай: бақылаусыздық; назардан тыс қалуы; бос уақытының болмауы; отбасының толық болмауы.
2.Психологиялық жағдай: балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы; оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық; балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмау; балаға жасынан толық еркіндік беру.
Сынып жетекшісіне! «Қиын» деген оқушы бұзылған бала емес екенін ескеру керек!!! Дарындылық диагностикасы- балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызмет.
Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін Мұғалім міндеттері:
дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;
зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға;
қызығушылық пен икемділіктің кең көлемін игеруге;
дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;
пысық және белсенді мінезді болып келуге;
икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;
дарынды балалармен жұмыс жасауда жоғары оқу орнынан кейінгі арнайы дайындығы болуға және алдағы уақытта арнайы білімді игеруге дайын болуға.
Құндылық– бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттылығы.
«Салауаттылық», яғни «Деннің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
Салауатты өмір салты- ол: Ең жақсы үйлесімді тәртіп
Иммунитетті және денені шынықтыру
Дұрыс тамақтану
Орнықты өмір сүру әдеті
Зиянды әдеттің болмауы
Жоғары профилактикалық белсенділік.
«Кәсіп» (лат. pofessio-белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп қарастырамын) - белгілі бір еңбегі, іс-әрекеті деген мағынаны білдіреді. Кәсіп- деп, сонымен қатар, қызмет түрлерін де айтады.