Кәсіптік бағдар - бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет.
Мамандық дегеніміз-адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі! Үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Педагогикада отбасы тәрбиесі- ол ата-ананың балалармен әрекеттестігін басқарушы жүйе Ата - ананың балалармен әрекеттестігі әрқашан педагогикалық сипатқа ие.
Отбасындағы ата-ананың тәрбие жұмысы бұл, ең бірінші - өзін-өзі тәрбиелеуі.
Әрбір ата-ана педагог болуға, балалармен әрекеттестігін басқаруға үйренуі керек!
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша оқу жылына 2 рет, сыныптар бойынша 4 рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналр белсенділері мен мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді.
«Диагностика»(грекше diagnostikes ), тани білу қабілеттілігі (способность распознавать)
Педагогикалық диагностика- мектеп оқушыларының білімінің, дамуының және тәрбиеленуі деңгейін анықтау; «диагноз қою» процесі.
Сынып жетекшісінің жұмысындағы диагностика дегеніміз – ол сыныптағы жалпы топты және жеке оқушыны жүйелі зерттеу.