Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие үдерісіне педагогикалық қолдау Дәрістің қысқаша мазмұны
Педагогикалық қолдау баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары тұлғааралық қатынастар, қарым-қатынас, педагогикалық әдеп және т.б. Педагогикалық қолдау мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, педагогикалық технологияларды толыққанды сәтті пайдалануы, оқушының ішкі жан дүниесін, қабілетін түсіне отырып ықпал ету.
Педагогикалық қолдау негізінен мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынастан басталады. Мұғалім сыныпта педагогикалық-психологиялық жағдай жасау; тұлғаның ішкі жан дүниесін сезіну, түсіну, тұлғалық, тұлғаралық қасиеттерін түсіну және іс - әрекетке еркіндік беру, жақсы нəтижеге жету жолындағы кедергілерді жеңе білу, көмек көрсету, оқушыға өмірден, қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік жасауға бағытталады. Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – мейірімді жылы қатынас, жылы ишарат, жылы лебіз, құлақ сала білу, қажет болса–кеңес беру, тəрбиеленушіге сенім, оның құқығын қорғау, тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы, шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беру т.б. Педагогикалық қолдау оқушының танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуіне ықпал етеді, педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын іске асыратын шаралары болып табылады. Гуманисттік парадигма ізгілікті жеке тұлғаны дамыту, білімді, іскер жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай, мектеп мұғалімдерінен тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсініп, біліп, оны жүзеге асырулары талап етіледі. Педагогикалық қолдаудың әдістеріне тәрбиенің әдістері ынталандыру, бағалау, мадақтау, негізінен басшылыққа алынады: Педагогикалық қолдауда баланың білімге қызығушылығын оятуды ең басты мәселе деп қарайды. Сондықтан да, тәрбиеленушінің өз ынта-ықыласымен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай, тәрбиелік мақсатты екіге бөлуге болады; бірінші-қоғам алдындағы жалпы жоғары мұрат (идеал) және екінші-көкейтесті мақсат-жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Соңғысы-тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады. Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдауда өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б. негізгі орын алады.
Педагогикалық қолдауда өзін-өзі тану оқушыларға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет.
Философ Ж.Ж.Молдабеков “адамгершілікті қалыптастыратын игілікті адам алдымен ана тілі арқылы қабылдайды, бағалайды. Адамның өзін танудың, өзгемен теңесудің өтімді құралы деп атап көрсетеді.
Ғалымның нақтылауы бойынша адамгершіліктің қалыптасуы адамның өзін-өзі тануында екенін тоқтала келе, өзін-өзі танудың негізгі ұстанымдарын атап көрсетеді:
Өзін тану–адамның өзімен-өзі сұхбаттасуы арқылы шындыққа талпынуы, адамның өмірдегі өз орнын іздестіруі, адамның өн бойындағы қабілет – қасиетті көрсетпек әрекеті.
Өзін тану – адамның өзін өзгемен салыстыра пайымдауы, бағалауы және бір тоқтамға келуі. Ол – адамның өзі туралы сауатын ашуы, білімін үнемі жетілдіруі. Өзін тану – адамның өмірі туралы өз көзқарасын дәлелдемек ынтасы, өзін - өзі тәрбиелеудің жолы мен бағыты. Ол болмыстағы бар мен болатын нәрсенің арасын дәйектейтін кезең. Өзін тану – адамның қабілет–қасиетін құндылықтың да, игіліктің де жоғары түріне балау, соған теңестіру. Жан – тәннің тазалығы және оның іс - әрекетке қабілеттілігі. Ол адамдар арасындағы мәдениеттіліктің белгісі мен кәмелетті көрінісі. Өзін тану – адамның қол жеткеніне қанағаттануы, діттеген міндет – мақсатқа ұмтылуы. Мақсат адамның киелі қасиетіне, кісілігіне жол ашу. Өзін тану - өзгені тыңдай білу, түсіне білу, қолдай білу өнерін үйренбек ниеті, сол шешімге жетпек ізденісі. Ол – тіл тану және тіл табысу мәдениетінің құралы мен кезеңі, әрбір адамның жарасымдылыққа, жақындасу мен бауырласуға деген ұмтылысы. Өзін тану – адамның өзін тұлға ретінде қалыптастыру мен жетілдірудің тізгіні, азаматтыққа жетудің үзеңгісі, тұлғалық пен азаматтыққа лайық жағдай жасауға талпыныс. Кәсібімен нәсібін ұзартқандар қолдағыға қанағаттанады, өзгеге шапағатын тигізеді. Өзін тану – жалғандық пен зұлымдыққа бармау, соқыр сенімге ұрынбау, керіағарлық көріністерге бей-жай қалмай, өзі күйзелер, өзгені қобалжытар күйде ширату. Өзін ізгі іс пен бастамаға ұйымдастыра алу. Өзіндік істе тану мен табысу, жарасу мен жарысу бір – бірімен қабаттасып жатады. Бойдағы күш қуаттың еркін көрінісіне және қолдануына мүмкіндік іздейді, жағдай жасайды. Өзін тану – әркімнің өз шаруасының бастамасы, өз шеңберлігінің көрінісі мен қызметі. Сол бағытта адамның өзіне деген талапты күшейтуі, әлеуметтік кәмелеттілікке ұмтылуы”,-деп ұсынған тұжырымдары педагогикалық қолдауда негізгі ұстаным болып табылады.
1
№7 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.«Педагогикалық технология», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері.
2.Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері.
3.Педагогикалық шеберлік және технологиялар.