Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі



бет1/4
Дата10.12.2023
өлшемі5,19 Mb.
#136226
  1   2   3   4
Байланысты:
28-36


28. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің негізгі ұғымдары
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі” пәнінің негізгі ұғымдары болып табылады: тәрбие, тәрбие процесі, тәрбие жүйесі, тәрбие жұмысы, тәрбиедегі қарым-қатынас, тәрбие әрекеті, тәрбиелік шара, тәрбие ісі, тәрбие технологиясы, тәрбие құралы, формалары мен әдістері және тәрбие тәсілдері, педагогикалық мененджмент табылады.
- Тәрбие – бұл қоғамның мақсат-міндеттеріне сай жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына тікелей ықпал ететін құрал.
- Тәрбие процесі - қоғамның талап-тiлектерiне сай әрбiр жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезiмiн, ерiк-жiгерiн, мiнез-құлық ерекшелiктерiн жүйелi түрде қалыптастырып, дамытуға бағытталған тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара бірлескен әрекетi.
- Тәрбие жүйесі - мақсаттар, ұжымдық қатынастар, шығармашылық істер, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әр түрлі формалары мен тәсілдерінің бір-бірімен өзара тығыз байланысты жиынтығы ретінде қарастырылады.
- Тәрбие жұмысы - тұлғаның толыққанды дамуына жағдай жасауға бағытталған үлкендер мен балалардың өмір сүру әрекетін ұйымдастыру процессі.
- Тәрбиелік қарым-қатынас – тәрбие жұмысында пайда болатын және рухани-адамгершілікке бағытталған адамдардың әртүрлі сипаттағы өзара әрекеттесуі.
- Тәрбие жұмысының формасы - оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын (жолдарын), олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайтын тәрбие процесінің негізгі буыны.
- Тәрбие шарасы – бұл бірыңғай тәрбиелік мақсатқа бағындырылған әр түрлі тәрбиелік ықпалдың жиынтығы. Жекелеген сабақтардан тұратын оқыту процесі секілді тәрбие процесі тәрбиелік шаралардың негізінде қалыптасады. Яғни, шара – бұл тәрбие процесінің бір актсы (бөлігі).
- Тәрбие ісі – ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде (И. П. Иванов бойынша) үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жай қатысушылыр) және балалардың шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет