29. Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
1-1) білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді;
2) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;
3) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекітеді;
4) мыналарды:
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді;
- халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
5) мыналарды:
- Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді;
- жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
30. Шетелдік тәрбие жүйелері:-Жаңа қаланың көпшілік мектебінің ізгілікті тәрбие жүйесі (В.А. Караковский)
В.А.Караковскийдің тәрбиелік жүйесінің басты идеяларына: міндетті мектепшілік ұжым құру, оның ішінде өзін-өзі басқару элементтерінің болуы. Басты міндеті ұжымдық жұмысқа дайындау болып табылатын коммунарлық әдіс енгізу жатады. Коммунар әдісінің мәні - ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлық іс-әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Құндылықтар негізгі жол – өз халқының, сол сияқты өзге ел халықтарының мәдениеті арқылы тасымалданады. Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарын қалыптастыру олардың жас ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана іске асуы мүмкін. Бұл ізгіліктілік бағдарын қалыптастыру процесінде мұғалімнің рөлін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |