Тәрбие сағаты: Бала және Заң Тақырыбы: Бала және Заң Мақсаты



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі28,36 Kb.
#122980
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
тарбие сагаты


Тәрбие сағаты: «Бала және Заң
Тақырыбы: Бала және Заң
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
Мұғалім сөзі: Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән - ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2004 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
1 – маусым
Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20 – қараша
Балалардың дүниежүзілік күні
10 – желтоқсан
Адам құқығы күні
«Дауыстап оқиық және есте сақтайық» Тақтада жазылған құқықтармен танысады. Барлығымыз оқиық.
Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

  • Өмір сүруге

  • Ата-тегін алуға

  • Отбасында тәрбиеленуге

  • Жеке бас бостандығына

  • Азаматтық алуға

  • Білім алуға

  • Баспана алуға

  • Дүние мүлікке

  • Демалуға

  • Денсаулықты сақтауға

  • Сөз бостандығына

Қоғамдық жұмыстарға араласуға Балалар біздің құқықтарымыздан басқа міндеттеріміз бар екенін естен шығармауымыз керек.
Не істеуге міндеттіміз?

  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.

Сонымен балалар құқық деген не, міндет деген не? Ойланайық.

«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан кесіп ………..
- Кішкене баланы …………
- Қыз баланы …………..
- Сабақтан ………………………
- Сыныпта …………………….

- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….


«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні …………………………(сыйлау керек)
- Үлкеннің ……………………………(тілін алу керек)
- Үлкендерге …………………………(сәлем беру керек)
- Кішілерге …………………………………(қамқорлық жасау керек)
- Аналарды, апаларды ……………(сыйлау керек)
- Оқу құралдарын ………………………(күтіп ұстау керек)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет