Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Атадан өсиет, анадан қасиет» Өткізген: Есимов А. О 2015-2016 оқу жылы «Атадан –өсиет, анадан қасиет»


М.Мақатаевтың «Тектілік анадан» өлеңі желісі



бет2/4
Дата04.11.2023
өлшемі66 Kb.
#122142
1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие сағаты Атадан өсиет, анадан қасиет 4-сынып

М.Мақатаевтың «Тектілік анадан» өлеңі желісі негізінде көрініс
Автор: Ұзын жолдың бойы. Аяндай басып бір қыз келеді. Алдынан қарсы келе жатқан ер адамды көреді де жолын кесіп өтпей тосып тұрады.
Алдынан тосып тұрған қызға риза болған ер адам:
«Неге сонша сен маған көп қарадың,
Неге тостың сен мені, өт қарағым.
Бабасының саған берген үлгісін,
Аруағынан айналдым текті ананың, - деп, батасын береді.


1- жүргізуші: Иә, ана тәрбиесі – тектілік тәрбиесі екені баршамызға аян. Себебі, бабамыз ер-азамат — түздің адамы, әйел — тәрбие беруші, отбасы, ошақ -қасының жылуы деп қарап, негізгі тәрбиені анаға артқан.
2-жүргізуші: Сондай-ақ, ата-ана балаларын әдептілікпен қатар қанағатшыл, ынсапқор, шыдамды да сабырлы, ар-ұяты жоғары болып өсуін қадағалаған. Ақындарымыз да өз өлеңдерінде тәрбие саласына үлкен мән беріп, жырларында жырлап отырған.


1-оқушы: Ш. Құдайбергенов: «Талап пен ақыл»
Ынсап, үят, ар, рахым, сабыр, сақтық.
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Алтауының ішінде ынсап әділ,
Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.
Ынсап деген аспайды, кем қылмайды,
Орын таппай ол, сірә, қозғалмайды.
Рахым жақсы көреді аяғанды,
Адамға қаттылықты ойға алмайды.
Ар демек - адамшылық намыс деген,
Арың кетпес жағаңа карыс деген.
Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,
Сөз емес күншіл болып алыс деген.
Намыс сол - аулакта ұял көргендей-ақ,
Ұрлаған малың шығып бергендей-ақ.
Орынсызды істеуге өлгенше ұял,
«Ұят күшті өлімнен» дегендей-ақ.
Сабыр деген -әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қьлық.
Қолы жетпей талай жан ызданады,
Осыдан көп шығады адамшылық.
Сақтық деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда ма, не залал ма, ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Ойменен, талаппенен болды сегіз,
Айтылмай ойда қалды неменеміз.
Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы
Шығады осылардан түгел деңіз.
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
Би орындалады (қазақ биі)
1-жүргізуші: Иә, өздеріңіз көріп тыңдап отырғандай қазақ халқы болашағын ойлап отырып, ақылдың кені қариялар сөзіне ерекше мән берген. Сөз мағынасын ой елегінен өткізіп, тәрбиелік мәнімен зер алған. Сол арқылы, жанама тұспалдау арқылы, қоғам мүшелерін тәртіпке шақырып отырған. Осындай бір аңыз әңгіме желдің өтінде, жаудың бетінде отырған, орта жүзде болыпты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет