Көрініс: "Меймандастық"
Екі жолаушы тау бөктеріндегі киіз үйге бас тіреген еді. Үйде қызымен мен әжесі жүн түтіп отырады.
Ассалаумалейкум! Айналайьш, қызым, шөлдеп келеміз. Бір кесе су берші.
- Ағай, үйде су жоқ еді.
Әжесі шошып кетеді.
- Су жоқ болса коже бар емес пе, көже бер.
Жолаушылар көже ішіп, әжеге рахмет айтып шығып кетеді.
Енді әжесі:
Сенің жаңағы жолаушыға су жоқ дегенің не? Түсіндірші соны.
-Үйде су
ада болып, енді бүлаққа барғалы түрғанымда келді ғой.
-Сонда су жоқ дей ме екен. Мені құдай сеңдердің осыңдай көргенсіздіктеріңді керсетейін деп алмай жүр екен ғой. Тез бұлақтан су әкеле қояйын демедің бе?
- Кешіріңіз, әже! Байқамаппын. Үйде сужоқ болған соң айта салғам.
- "Жақсы
байқап сөйлейді, жаман шайнап сойлейді", "Жаманның берген асынан, жақсының айтқан созі артық" деген осы.
Мұғалім:
Ия, қыз бала тәрбиесі қашан да халық назарында.
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ел
енді
Шырқайтын өлеңді, - деп келесі кезекті әнге берейік.
Ән орындалады
(Мен қазақ қыздарына қайран қалам)
Қорытынды: Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов көкөрім жастарға қарап отырып, «Біз базардан қайтып бара жатырмыз, ал сендер базарға келе жатқан ұрпақсыңдар» деген екен. Олай болса, бүгінгі мектеп қабырғасындағы жасөспірімдеріміз ертең бұралаң жолға түсіп кет-пес үшін, Сіз бен біз болып екі жақтан тәрбие бе-рейік. «Тентегін тезге салған текті елдің» ұрпағы екенімізді және кемел елдің келешегі — жастардың қолында боларын жадымызда ұстап, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Сендер менің көмекшілерім емес, серіктесімсіңдер» деген сеніміне лайық ұрпақ тәрбиелейік. Бала тәрбиесі баршамыздың азаматтық борышымыз екенін ұмытпайық.