Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ел аңсаған тәуелсіздік»


-оқушы Ұрпақ үшін, ел үшін, Атамекен жер үшін Берекең мен бірлігің, Таси берсін ырысың. Мұғалімнің сөзі



бет2/4
Дата15.03.2023
өлшемі80,95 Kb.
#74652
1   2   3   4
Байланысты:
Ашық сабақ ел аңсаған

2-оқушы
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқы сан ғасыр армандаған, армандап қана қоймай, жан алысып жан берісіп күрескен тәуелсіздігіне осыдан жиырма алты жыл бұрын қол жеткізді. Иә, дәл сол 1991жылдың желтоқсанында «ақ түйенің қарны жарылып» еліміз еркіндік алды. Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Кенесары мен Наурызбай, Махамбетпен Исатай, Сырым мен Жанқожа батырлар елінің тәуелсіздігі жолында опат болды. Қазақ халқы өткен ғасырда да еркіндік үшін күресін тоқтатпады. Ғасыр басында Алаш арыстары да елінің тәуелсіздігі жолында қасық қаны қалғанша күресті. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер мен қыздардың ар намыс пен елдік рух жолында тәуелсіздікті талап еткен тегеурінді күш қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттермен қыздардың бұл қадамы шынында да ерлік еді.

1-оқушы
Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілседе, елдің рухын көтеріп, еркіндік алуға ұмтылдырды.Қайсар ұрпақ қай кезеңдеде қайыспас ерлігімен қарсы тұрды. 1986жылы 17желтоқсан күні қазақ жастары азаттық жолында орталық алаңға шықты «Менің Қазақстаным» әнін шырқай жүріп, қайсар рухтан қайтпаған Л. Асанова, Қ. Рұсқұлбеков, Е. Сыпатаев сияқты жас қаһармандарға бүгінгі азаттығымыздың алғы шарты болған желтоқсан ерлерін емірене еске ала отырып, соларға арнап жыр жолдарын арнамақпыз.

2-оқушы
Желтоқсан туып,
Шашырап жатыр ақ мамық,
Желтоқсан түні тұрғандай мұңын ақтарып.
Шыңғырған дауыс естіліп қалып құлаққа,
Теңселіп кеттім,
Үзіліп кетуге шақ қалып…

3-оқушы
Желтоқсан – майдан, жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан – зары боздаған көмген шешенің.
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара.
Бүгінгі мен кешегің.

4-оқушы
Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып хақ жолыңнан таймап едің.
Айырылып күніз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
Өр едің өлсеңде беріспеген,
Зар-мұңның әні барма сен айтпаған?
Тағдырдыңзәрібарма сен ішпеген?
Тербетіптұрсаболдыжербесігім,
Дәулеттіңтілеймінкөл-көсірін.
Көзтимей, кірбіңтүспейқабағыңа
Жалғыз-аққұттыболғайенді осы күн!

5-оқушы
Тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ. Қажырлы күреспен келді. Желтоқсан көтерілісі-оның соңғы куәсі. Тәуелсіздік халқымыздың асыл арманы, ел тірегі. Қиындықпен қол жеткізген тәуелсізді қорғап қалу, оны өміршең ету-бүкіл қазақ халқының , ел басында отырған азаматтардың міндеті,азаматтық борышы.

1-оқушы
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айтабергімкеледіайтабергім!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет