Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Атадан ұл туса құл болам деп тумайды,
Анадан қыз тусы күң болам деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз
Асқақтаған хан болса, хан ордасын алмайтын елміз.
3-оқушы Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Қазақ халқы осы тәуелсіздік жолында небір қиын-қыстау кезеңді бастан кешірді десеңші, арыға бармай 1720 жылдан бергі тарихқы қысқаша шолық өтсек. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда» 1 млн. адамнан, яғни сол кездегі халықтың 40 % айырылды.
1-оқушы 1916 жылы патша үкіметі қазақтарды тыл жұмыстарына мобилизациялаудың тәртібін жариялады. Ашу-ыза кернеген жұмысшылар мен шаруалар көтеріліске шықты. Өзінің сипаты жөнінен ол отаршылдыққа және феодализмге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс еді.
2-оқушы 1917 жылы ақпан жәнеқазан төңкерілісі салдарынан, Аамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзіліске, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни ел халқының 19 % апат болды. 400 мың қазақ отбасы, елден кетуге мәжбүр болды.
1-оқушы 1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуған-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп, «халық жауы» атады. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды. Халқымыз осылайша жапа шекті.
2-оқушы Қазақ халқының ең соңғы өліп – тірілуі біздің халқымыздың қайғылы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты жалған жаламен 99 адам сотталып, 264 адам жоғарғы оқу орнынан қуылып, әртүрлі жазаға ұшырады. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсан Президент жарлығымен Желтоқсан құрбандарын еске алу күні, Тәуелсіздік мерекесі болып жарияланды. Міне, 1991 жылыжарияланғантәуелсіздігімізгебүгінде 26жылтолыпотыр.
3-оқушы Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ірі оқиғаларының бірі. Ол тек тоталитарлық жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік сыйлаған зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.