Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп интернаты
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ел аңсаған тәуелсіздік»
(10 «Б» класы) Тәрбиеші: Бекмағамбетова З.Х. Ақтөбе, 2023 ж.
Мақсаты: Қазақ халқының сан ғасыр армандаған арманы тәуелсіздік туралы оқушыларға түсінік беру. Қазіргі Қазақстан - әлем таныған егемен ел екендігі туралы мағлұмат беру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру;
Көрнекіліктер:Тәуелсіздік туралы слайдтар, нақыл сөздер. Желтоқсан оқиғасы тақырыбына арналған суреттер, бейнероликтер.
1-оқушы Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің