Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ел аңсаған тәуелсіздік»



бет4/4
Дата15.03.2023
өлшемі80,95 Kb.
#74652
1   2   3   4
Байланысты:
Ашық сабақ ел аңсаған

3-оқушы:

Желтоқсан туып,


Шашырап жатыр ақ мамық,
Желтоқсан түні тұрғандай мұңын ақтарып.
Шыңғырған дауыс естіліп қалып құлаққа,
Теңселіп кеттім,
Үзіліп кетуге шақ қалып…

4-оқушы:

Желтоқсан – майдан, жанжалы деме көшенің,


Желтоқсан – зары боздаған көмген шешенің.
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара.
Бүгінгі мен кешегің.

2-жүргізуші:

Қалса да қайда жерің, қайда көлің,


Қасқайып хақ жолыңнан таймап едің.
Айырылып күніз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
Өр едің өлсеңде беріспеген,
Зар-мұңның әні барма сен айтпаған?
Тағдырдың зәрі барма сен ішпеген?
Тербетіп тұрса болды жер бесігім,
Дәулеттің тілеймін көл-көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа
Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!

1-оқушы
Аз ғана уақытта әлем назарын өзіне аударған толқу күшпен басылғанмен, оның мәні мен маңызы еш уақытта өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған теңдік талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады.
Ә. Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.

2-оқушы:

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын


Желтоқсанда шықты алаңға жастарым
Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік
Дербестікке құн ұрамақ басқа кім?!
Намысымның шуағы да – Желтоқсан!
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан!
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан!
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан!

Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.



3-оқушы:
Өсер алдың қай уақытта да бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоксанның мұзаға жанған алауы.
Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашандатиісемесеңкеюгежалауы!

4-оқушы:

Тәуелсіздік бабалардың ұраны


Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік – жүректерде тұншығып
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы!
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Мектебіміз алға шығып өмірде
Жақсы атақпен нұр шапағын жинады!

5-оқушы
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта бұрын өніміз түгілгі түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші (оқушылар кезекпен)
1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды;
1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты;
1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды;
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді;
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады;
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды;
1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында еркеше күн болды. Осы күннен бастап, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

1-оқушы:
Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, өз жерін жатқа сыйламаған және сатпаған халық.


Ұлан-ғайыр жерінің ұлтарақтай үшін жанын жалау еткен бабаларымыз тіркескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің белін үзген.
Сол марқасқа батыр бабаларымыздың өмір өткелдерін, ерлік жорықтарынан деректер білу – ұрпақтарға парыз міндет.

2-оқушы
Тәуелсіз елдің ұлы өжет,


Қызы – қайратты,
Халқы – қаһарман.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,
Баландай мәпеле,
Құдайдай құрметте!
Тәуелсіздік үшін тәніңді де,
Қаныңды да,
Жаныңды да аяма!

1-жүргізуші:


Елтаңбамыз ажарлы
Ән – ұранымыз әуенді
Асқақ бола түссін!
Елдігімзідң белгісі –
Көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!!!
Қорытынды сөз:
Қорыта айтқанда, Қайрат, Ләззат, Ербол тағы басқа қандастарымыздың алып берген тәуелсіздігін қастерлеуіміз керек. Жолтақсан рухы бізді осыған шақырды. Азаматтық туын асқақ , тәуелсіздік тұғырын биік ұстауға шақырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет