Тәрбие сағатының жоспары тақырыбы: «12 сәуір – ғарышкерлер күні!»



бет2/3
Дата20.03.2023
өлшемі27,77 Kb.
#75560
1   2   3
«Менің досым...» тренинг
(Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрады. Қарама-қарсы тұрған жұптар кезекпен бір-бірін таныстырады, сипаттайды, бойларындағы ізгі қасиеттерін және қабілеттерін айтады. Бұл оқушылардың бір-бірін жақсырақ тануына, және машықкердің оқушыларды жақсырақ тануына мүмкіндік береді)
ІІ. Негізгі бөлім
Түсіндіру кезеңі
Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.
 Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.
Лайканың құрметіне әндер жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді.
Юрий Гагарин адамзат баласындағы тұңғыш ғарышкер 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты
 Мемлекеті - КСРО
Мансабы - ұшқыш-ғарышкер
 Әскери атағы - Полковник
 Экспедициялары - Восток-1(12-ші Сәуір)
 Ғарышта болған уақыты - 1 сағ 48 минут
 Туылған күні - 1937 ж. наурыздың 9-ы,
 Туылған жері - Клушкино ауылы, Гжатский ауданы, КСРО
 Қайтыс болған күні - 1968 ж. наурыздың 27-сі,
 Қайтыс болған жері - Киржач қала манында, Владиморск облысы, РКФСР, КСРО
 Сыйлықтары - Кеңес Одағының Батыры
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы
1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры. 
1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991ж ж. қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минөт.
Марапаттары:
Қазақстанның: «Халық Қаһарманы» атағы
«Қазақстанның ғарышкер – ұшқышы» атағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет