Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК
Тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: «Мамандығым-мақтанышым»
Мерзімі: 07.02.22
Тобы: 27
Орындағандар: Қаржас Аружан,Алькенова Айым
Семей 2022
Тәрбие сағатының мақсаты:Студенттердің тұлғалық және өмірлік өзін -өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау. Мұғалімдік мамандықтың маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Студенттердің саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру
Тәрбие сағатының міндеті: -Студенттерді өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
-Студенттердің өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту,
-Мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту.
Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: пікіралмасу
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, «Сұрақ-жауап»,бейнематериал.
Техникалық жабдықталуы: компьютер, интербелсенді тақта
Көрнекілік: презентация
Тәрбие сағатының құрылымы
І. Ұйымдастыру кезеңі - Алғы сөз 3 минут
ІІ. Негізгі кезең -Студенттермен сыр-сұхбат 2 минут
-Әріпті мамандық 3 минут
-«Ең жақсы»ойыны 2 минут
-Мұғалім жайлы әңгіме 2 минут
-Бейнероликпен жұмыс 4 минут
-Сұрақ-жауап 2 минут
ІІІ. Қорытынды -Қорытынды сөз 3 минут
Тәрбие сағатының барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Алғы сөз: Аружан: Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.