Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі. Орындаған: Балтабекова К. М



бет3/5
Дата18.10.2023
өлшемі0,7 Mb.
#118274
1   2   3   4   5

Топтарда жүзеге асырылады.

Презентация (тұсаукесер) ескерілген.

Ұжымдық шығармашылық жұмыс технологиясы

Ұжымдық шығармашылық жұмыс – ҰШЖ – ұжымдық ізденіс, жоспарлау және қойған мақсатты шығармашылықпен іске асыру.

Ұжымдық – бұл бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жолдастық, тұлғааралық қатынасын білдіреді.

Шығармашылық – бұл істі белгілі бір үлгі бойынша емес, жаңаша, бұрынғыдан да жақсы жасауды білдіреді. «Бәрі шығармашыл, басқаша қажеті не?»

Жұмыс – бұл оның нәтижесі, ортақ пайда және қуаныш дегенді білдіреді. «Жұмыс, шара емес!»

Шоу-технологиялар

Ойын шаралары қатысушыларды үш топқа бөлумен өткізіледі:

«Сахна», «Зал», «Жүргізуші».

Үш ерекшелігі:

қатысушыларды өнер көрсетушілер және көрермендер деп бөледі; сахна төрінде сайысады; ұйымдастырушылар дайындаған сценарий.

Топтық проблемалық жұмыс

– бұл оқушылардың проблемалық жағдаяттағы мінез-құлқымен вербалды (сөз жүзінде) жұмыс.

Оның мақсаты – ұйымдастыру шешімдер дайындау, қабылдау, түсіндіру, талқылау. Олар белгілі бір жағдайларға орай дайындалады және қолданылады: мысалы, сыныптағы балалар арасында үнемі алауыздық туындайды, ал оны ұйымдастырушы өз жолдастарын және тіпті ересектерді айламен алдауға тырысады.

Тәрбиеші арнайы түрде «кезекті алауыздықты талдау жағдаяты» технологиясын түзеді:

1. Алауыздыққа қатысушылардың әрқайсысына болып жатқан оқиғаны сипаттауына мүмкіндік беретін сауал қояды.

2. «Зардап шеккен жақты» тәрбиеші оның ахуалын түсінетіндігінен хабардар етеді.

3. Араздасқан жақтарды даудың шығу себебі туралы ойлануға жетелеу;

4. Балалармен болған оқиғадан шығу жолдарын талқылайды.

Өмірдің қатігез немесе қайырымды болуы балаларды қалай тәрбиелеуімізге байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет