Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі. Орындаған: Балтабекова К. М


Тәрбие әдістері: (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина бойынша)



бет2/5
Дата18.10.2023
өлшемі0,7 Mb.
#118274
1   2   3   4   5
Байланысты:
618488.pptx

Тәрбие әдістері: (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина бойынша)

Педагогикалық технологиялар түрлі негіздемелер бойынша ерекшеленуі мүмкін:

  • туындау негізіне қарай (педагогикалық тәжірибе немесе ғылыми тұжырымдама бойынша);
  • мақсаттары мен міндеттеріне қарай (білімді қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу, дербестігін дамыту);
  • педагогикалық құралдардың мүмкіндігіне қарай (әсер етудің қандай құралы жақсы нәтиже береді);
  • тәрбиешінің технологиялар көмегімен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай (диагностикалық қызмет, даулы жағдаяттарды басқару қызметі);
  • балаға деген көзқарасына қарай.

Сынып жетекшісі ретінде тәрбиеші өз жұмысында келесі тәрбие технологияларын қолдана алады:

  • Диалогтық (сұхбат) технологиялар (пікірсайыстар, пікірталастар, дебаттар)
  • «Коллаж» технологиясы
  • Ұжымдық шығармашылық жұмыс
  • Шоу-технологиялар
  • Топтық проблемалық жұмыс (жобалар дайындау)
  • Қарым-қатынас тренингі
  • «Ақпарат айнасы» (қабырғаға ілетін хабарландырулар, стенд түрлері)
  • Денсаулықсақтау технологиялары.
  • Жағдаяттық технологиялар

Диалогтық технологиялар (пікірсайыс, пікірталас, дебат)

Дебат – зияткерлік жарыс, өз көзқарасын және пікірін белсенді түрде қорғауды дамыту біліктілігі.

Пікірталас – қандай да бір даулы мәселе мен проблемалардың шешімін табу мақсатында оларды талқылау.

Пікірсайыс (ғылыми айтыс) – ақиқатқа көз жеткізу мақсатында қандай да бір проблема бойынша екі көзқарасты зерделеу үшін қолданылатын ынтымақтастықтың формасы.

Жоғарыда аталған технологиялар негізінен жоғары сыныптарда қолданылады.

«Коллаж» технологиясы

Табылған иллюстрациялар, цитаталар және қолда бар құралдардан плакаттар жасау арқылы тақырыпты немесе проблеманы зерделеуді болжайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет