Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері
Білім берудегі сынып жетекшісінің орны
Тәрбие жұмысын талдау
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен қызметі
Оқушыларды тәрбиелеу. Басты міндетті шешу үшін, ол оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білу керек.
К.Д. Ушинский “Адам-тәрбие нысанасы” деген еңбегінде былай деп жазған: “Егер педагогика адамды жан-жақты етіп тәрбиелеігісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек”.
Оқушыларды жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін класс жетекшісі оларды зерттеп білуі қажет. Балаларды зерттеп білу класс жетекшісінің өз жұмысын ойдағыдай атқарудың басты шарты.
Жеке оқушылар жайлы класс жетекшісі төмендегідей мәліметтерді білуі қажет:
- Баланың денсаулығы
- жанұядағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы
- баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы
-мінез-құлқын, темпераментін, психологиялық ерекшеліктерін т.б.
-адамгершілік қасиеттерін, еңбек көзқарастарын, эстетикалық талғамдарын, қызығуларын, интеллектуалдық дамуы
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі
Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны оқушылардың белгілі топтарында педагогикалық үрдіске жетекшілік ету функциясымен анықталады.
Сынып жетекшісі оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастырады: танымдық, еңбек, эстетикалық, сонымен бірге оқушылардың еркін қарым-қатынасы оқушылардың дем алу бөлігі болып табылады.
Сынып жетекшісінің қызметінде бақылау және түзету қызметін жүйелі және сауатты жүзеге асыру тәрбиелік, ұйымдастырушылық және дамытушылық мәні зор, тәрбиелік үрдістің тиімділігін арттырады.