Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық



бет41/87
Дата24.11.2023
өлшемі208,48 Kb.
#125693
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Балалар әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)
Ұйымдастырылған іс әрекет тақырыбына сай жұмбақтар жасыру. Жаттаған тақпақты есіне түсіріп, қайталап айту.

Картотека №8 Саусақ санау ойыны
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.(қарым-қатынас, танымдық іс-әрекет-сөйлеуді дамыту, математика негіздері)

Картотека №9
Сен тұр – қойына бар!
Сен тұр – қозына бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар ...
Мына жерде қатық бар ...
Мына жерде қытық бар ...
Қытық, қытық!
(Қарым-қатынас іс-әрекеті-сөйлеуді дамыту)



Саусақ жаттығуы:Картотека №10 «Нешеуміз?»

Бір үйде нешеуміз?


Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – әкем,


Балалы үйрек – анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?


Бір үйде біз бесеуміз.

(Қоршаған ортамен таныстыру- танымдық іс-әрекеті)



Картотека №11«Жеті ұл»
Сәл демалып, тынып ал.
Тақпақ тыңдап, ұғып ал.
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар:
Біріншісі – Дүйсенбі,
Екіншісі – Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі – Бейсенбі,
Жұма деген – Бесінші ұл,
Алтыншы ұл - Сенбі,
Жетіншісі – Жексенбі.


(сөйлеуді дамыту, математика негіздері-танымдық, қарым-қатынас іс-әрекеті)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет