Саусақ жаттығуы: «Құстар қанат қағады» Құстар ұшып барады,
Көкте қанат қағады.
Барлық құстар қосылып,
Шиқ-шиқ,-деп ән салады.
(Қоршаған ортамен таныстыру- танымдық іс-әрекеті)
Саусақ жаттығуы: «Піл досым» Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыршүмек саусақ алдыңғы аяқтар,ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
(сөйлеуді дамыту, математика негіздері-танымдық, қарым-қатынас іс-әрекеті)
Саусақ жаттығуы: «Гүл» Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады, Саусақтар ашылады
Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады:
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаңда.
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келі
(сөйлеуді дамыту, математика негіздері-танымдық, қарым-қатынас іс-әрекеті)
Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастыр ылған іс-әрекет
Сөйлеуді дамыту «Менің айналамда кім тұрады?» Мақсаты: дыбыстарды сөздер мен сөз тіркестерінде дұрыс айту қабілетін дамыту.
Қоршаған ортамен таныстыру «Туған жер қандай жақсы?» Мақсаты: өз аймағының табиғаты мен климатын сипаттау қабілетін дамыту.
Дене шынықтыру «Біз спортпен шұғылданамыз және тез өсеміз» Мақсаты: дененің жаттығулары мен төзімділігін арттыру үшін әр түрлі жүктемелерді біртіндеп арттыра отырып, дене жаттығуларын орындау қабілетін дамыту.