Музыка Тақырыбы: «Ақырын қатты» Мақсаты: Тембрлік есту қабілеттерін дамыту.
1. Балалар музыка залына қолдарына жалауша алып көңілді маршпен кіреді. Балаларға бір түсті бірақ әр түрлі реңктегі карточка жаймалары беріледі.
Балаларға: Көгілдір – ақырын музыка, қара көк – қатты музыка, көк – орташа.
Әрі қарай музыка жетекшісі әнді ақырын, қатты жіне орташа орындайды.
Балалар музыканы тыңдай отырып қолдарындағы фишкаларымен карточкаларды жабады.
2. Музыкалық-ырғақты қимыл:Яғни оңға, солға бұлғауға болады. Әннің шумағын үйреніп болған соң жалаушалармен жаттығу жасату.
Жалаушалармен жаттығу.
1.Қолды екі жаққа жайып жоғары көтеру, қайта түсіру.
2.Қолды жоғары көтеріп денені оңға , солға иілту.
3.Жалаушаны жоғары көтеріп орындарында тұрып айналу.
4.Жалаушаны ұстап жүру.
Көркем әдебиет «Ертөстік» ертегісі
Мақсаты: кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалау қабілетін дамыту.
Математика негіздері «Біз ұшақпен ұшамыз. Мен бүтін мен бөліктерді салыстырамын» Мақсаты: затты бірнеше тең бөліктерге бөлу, бүтін мен бөліктерді салыстыру қабілетін дамыту.
Сауат ашу негіздері «Сөздегі дыбыстың орны» Мақсаты: сөзде берілген дыбысты табу қабілетін дамыту.
Қазақ тілі «Егіншінің құралы» Мақсаты: Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән қ, ұ, і, ң, дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.