Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру-қарым-қатынас, танымдық іс-әрекеті)



бет57/87
Дата24.11.2023
өлшемі208,48 Kb.
#125693
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   87
Байланысты:
Мектепалды топқа арналған 2023-2024 оқу жылының циклограммасы. Қараша)

(көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру-қарым-қатынас, танымдық іс-әрекеті)



Картотека № 8
«Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда, (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
(көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру-қарым-қатынас, танымдық іс-әрекеті)



Картотека №4 Гүл.
Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады, Саусақтар ашылады
Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады:
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаңда.
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
(математика негіздері, сөйлеуді дамыту-танымдық,қарым-қатынас іс-әрекеті)



Картотека № 9
«Достық» жаттығуы
Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос. (қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз, (екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)
Бір, екі, үш, төрт, бес, (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)
Қайтадан санауды бастаймыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Енді санауды аяқтадық. (қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).
(сөйлеуді дамыту, математика негіздері - қарым-қатынас, танымдық іс-әрекеті)

Саусақ жаттығуы: «Санамақ»
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Анаммен сурет саламын, (алақанды жұмып  ашады)
Міне басы, міне іші. (қолды шеңбер жасап айналдырады)
Аяқтары, қолдары, көздері, (қолымен  кішкентай және үлкен шеңбер салу)
Аузы сақинадан  жасалған (ауада сақинаны салу)
Әдемі шашы да бар. (қолдарын екі жаққа ашады)
Оң қолымда бес саусақ. (оң қолының саусақтарын көрсету)
Сол қолымда бес саусақ. (сол қолдың саусақтарын көрсету)
Бәрін қоссақ – он саусақ. (екі қолының саусақтарын қосу)
Оң аяқпен секіремін, (екі аяқпен кезек секіру)
Сол аяқпен секіремін. (орында жүру)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет