|
Дене шынықтыру
Тақырыбы «Біз әртүрліміз»
Мақсаты: Жерде созылып жатқан арқан үстінде бір бүйірмен динамикалық тепе- теңдікті сақтап жүруге үйретуді жалғастыру
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен торғайлар» (4 рет) . «Торғайлар» орындықта, гимнастикалық қабырғаның тепкішегінде отырады. Балалар торғайлардың қимылын ым- ишарамен көрсетіп отырады. Белгі бойынша «мысық» келіп, «торғайларды» қуады. Олар бағыттарын өзгертіп қашады. Ұсталғандар ойыннан шығады
|
Музыка
Тақырыбы «Күз – жомарт»
Мақсаты: Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру
Музыка тыңдау:
«Саржайлау» (Тәттімбет)
Ән айту:
«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)
«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)
Музыкалық-ырғақтық қимылдар:
«Жеңіл би» (Т. Ломова) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:
«Қандай ырғақ» (К. Қуатбаев)
|
Дене шынықтыру
Тақырыбы «Зейінді боламыз»
Мақсаты Өздерінің зейіндерін шоғырландыра алу шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыруды, қимыл-қозғалыс үйлесімділіктерін дамытуды және анализатор жүйелерін біріктіруді қалыптастыруды жалғастыру
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқырға қақпан» (4 рет).
Шеңберде қол ұстасып тұрады. Бұл – аңшылардың қақпанын құруы. Белгі бойынша
«аңшылар» қолдарын көтереді, «қасқырлар» әртүрлі бағытта еңбектеп жүреді. «Аңшылар»:
|
Музыка
Тақырыбы «Сабантойды тойлаймыз»
Мақсаты Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту
|