Математиканегіздері Тақырыбы Шартты өлшеуішті пайдаланып, заттарды ұзындығы бойынша салыстыру. Мақсаты - заттардың созылыңқы болу қасиеті туралы, ұзындық туралы түсінік қалыптастыру.
Логикаға арналған ойын жаттығулары. Балалардың түсінігін тексеру және білімін түзету үшін мынадай үлгіде логикалық тапсырма ұсынуға болады: 1. Қызыл қарындаш жасыл қарындаштан ұзынырақ, жасыл қарындаш көгілдірден ұзынырақ. Ең қысқа қарындаш қандай? 2. Жасыл таспа көгілдірден жіңішкерек, көгілдір қызылдан жіңішкерек. Ең жалпақ таспа қайсысы?
Ойын:“Күн мен түн” Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м арақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресе
бір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйіне
жүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқан
қатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына
қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс
бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ
жеңіске жетеді.
Ереже: 1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.
2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.
3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.