Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет3/48
Дата28.11.2023
өлшемі3,35 Mb.
#130886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
цикло қазан 22-23 ж

Математика негіздері
Тақырыбы Заттарды өлшемі бойынша салыстыру
Мақсаты - заттарды өлшемі бойынша салыстыру біліктілігін қалыптастыру


Практикалық жұмыс Кесілген парақтарды балаларға жұппен немесе топпен таратады. Парақты жіктеуге арналған тапсырма: көлемі бойынша үлкен және кіші; түсі бойынша – сары, қызыл, жасыл.



Қоршаған орта
Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді?
Мақсаты: - Балалардың нанның дастарқанға келу жолы туралы түсініктерін жетілдіру. Нанға, оны өсіріп, пісіретін адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға үйрету
«Тұқым» ойыны: педагог музыка қосады, балаларға өздерін жерге себілген кішкентай тұқым ретінде сезінуді ұсынады. Кішкентай тұқым қараңғы, ызғар, жұмсақ жерде жатыр. Күн бойын жылытқандай болды, жаңбыр жауды. Содан соң тұқым ісініп, жарылды.
Ішінен құлақтанып кішкентай өскін шықты (балалар қолдарын жоғары көтереді). Сабақ жерді жарып шығып, күнге қарай талпынып өсе бастады(балалар орындарынан тұрады). Жел ары-бері шайқады. Сонда да өсе берді. Біраз уақыт өтіп, ол сабаққа айналды. Қара бидай тұқымынан шыққан сабақ қандай болады? (Қара бидай сабағы). Бидай тұқымынан шыққан сабақ қандай болады? (Бидай сабағы) Сұлы тұқымынан шыққан сабақ қандай болады? (Сұлы.) Сабақтың өсіп, дамуына не қажет? (Күн, жаңбыр және адам қолдары.)
«Тағы кім?» ойынан ойнауға шақырады.Тізбекті әрі қарай жалғастырады: наубайшы нан пісіреді, тағы кім пісіреді? (Ана, әже, әпке).



Математика негіздері
Тақырыбы Ұзындық. Шартты өлшеуішті пайдаланып, заттарды ұзындығы бойынша салыстыру.
Мақсаты: : ұзындық – заттардың созылыңқы болу қасиеті туралы, ұзындық туралы түсінік қалыптастыру.


Ойын жаттығуы: «Ретімен орналастыр» Педагог «Түрлі түсті Куйзенер санау таяқшалар» жиынтықтан таяқшалар таратады, оларды ұзындықтарының өсу ретімен орналастыруды ұсынады. Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалардан таяқшаларды қалай орналасқанын сұрайды, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенін білді. Балалар таяқшаларды бір-біріне жақындату арқылы деп түсіндіреді. Педагог бір-бірінің үстіне салу тәсілі арқылы да заттын қайсысы ұзын немесе қысқа екенін өлшеуге болатындығын қосымша айтады. Көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет