Үзіліс: Жүгіруге арналған ойындар«Айдаһардың құйрығы»
Тілді жаттықтыратын тақпақ Кім келді?
Қане, қане кім келді?
Біз, біз, біз! Апа, апа бұл сіз бе?
Иә, иә, иә! Әке, әке бұл сіз бе?
Иә, иә, иә! Ағатайым бұл сіз бе?
Иә, иә, иә! Қарындасым бұл сен бе?
Иә, иә, иә! Біздер тату жан ұя
Иә, иә, иә!
Ойын: «Айдаһардың құйрығы» Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
Ойынның шарты: Өте қызық ойын! Ойынға қатысушылар бірінің артына бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған бала - «айдаһардың басы». Ең соңғысы – «құйрығы» болады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады.
Ұсыныс: Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты ұстатпау, қайткені де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол – «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.
Қазақ тілі Тақырыбы: Жидектер
Мақсаты сөздік қорларын жидектердің атымен толықтыру.Ойынжаттығуы:«Бірсөзбен айт» Таңқурай, қарақат, құлпынай бір сөзбен қалай аталады?
Жидектер.
Алма, өрік, құрма бір сөзбен қалай аталады?
Жемістер.
Қияр, қызанақ, сәбіз, пияз бір сөзбен қалай аталады?
Көгөністер
Шығармашылық бейнелеу әрекеті мүсіндеу Тақырыбы: Себет
Мақсаты:- - қазақ оюларының көп түрлілігі туралы
түсініктерін кеңейту, балаларға қоржынды салу техникасы
мен оны әшекейлеу ерекшеліктері туралы білім беру;
- аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру
-Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру
-- Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға, алдағы жұмысты бірге жоспарлауға, бір-бірімен келісіп орындауға, дайын құрылыспен ойнауға мүмкіндік беру