Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет24/48
Дата28.11.2023
өлшемі3,35 Mb.
#130886
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Жасы: 5-6 жас аралығы
Қажетті заттар: 
Ойын барысы: барлық балалар екі топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады. Санамақ арқылы қай топтың жасырынып, қай топтың іздейтіні анықталады. Ойынға «қала», яғни барлық ойыншылар жиналатын жер (ағаш, жар, есік, т.с.с.) таңдалынады. Жасырынатын топты топ басшылары жасырып, өзі қайтадан бұрынғы орнына оралады да, қарсылас топтың қай бағытта қозғалғанын «біз қазір ........(қай жер екенін)» айтып отырады. Ал жасырынған топ болса осы көмекті пайдалана отырып, жасырынған жерде отырады, ыңғайлы сәт туғанда «қаланы» жаулап алады. Егер іздеушілер жасырынушы топтың бір қатысушысын байқап қалса, онда оның аты мен жасырынған жерін дауыстап айтады да, барлығы «қалаға» қарай жүгіреді. «Қалаға» бірінші жеткен топқа ұпай беріледі. Жасырынған топ мүшелері іздеуші топ өздерін таппастан бұрын «қалаға» бірінші жетіп, ұпай ала алады.











2 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Математика негіздері
Тақырыбы: Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш
Мақсаты геометриялық фигуралардан модельдеу біліктілігін қалыптастыру

Бұл не? (Шаршы.)


– Оның жиектерін саусағыңмен жүргіз. Саусағыңды дайында. Саусағыңмен солдан оңға қарай жүргізесің, бұрышқа жетіп бұрыласың, саусақпен жоғарыдан төменге түсесің, бұрыласың, саусағың оңнан солға қарай жүреді, бұрышқа жетіп төменнен жоғарыға саусағыңды жүргізесің. (Әр баланың үстелінде белгілі бір түрдегі фигуралар жиынтығы бар.) – Біз саусағымызбен нені қоршап жүргіздік? (Шаршы.) –Тіктөртбұрышты көрсетеді, атайды, бұл геометриялық фигура – тіктөртбұрыш. – Онын жиектерін саусағыңмен жүргіз. Саусағыңды дайында... – Тіктөртбұрыш пен шаршының не айырмашылығы бар? Шаршыны тіктөртбұрышпен беттестіреді. – Қараңдар, бір қабырғалары бірдей, ал басқа екі қабырғалары әртүрлі. Тіктөртбұрыштың қабырғалары шаршыға қарағанда ұзынырық





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет