Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Жеке жұмыс: « Отбасы мүшелері »



бет32/48
Дата28.11.2023
өлшемі3,35 Mb.
#130886
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Байланысты:
цикло қазан 22-23 ж

Жеке жұмыс: « Отбасы мүшелері »
Мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Қимылдық ойын: « Көрші » .
Мақсаты:Балалардың ептілікке , сезімталдық,кеңістікті бағдарлай білуге үйрете отырып, батылдық сияқты қабілеттерін одан әрі дамыту.Шапшаң қимылдап, жылдам жүгіруге үйрету.
Ойын барысы: Балалар екі-екіден қол ұстасып , бірінің артына бірі тұрады.Олардың алдынан 3- 8 метр жерден сызық жүргізіледі.Ол сызықтың бойында торуылшы бір бала тұрады.Тәрбиешінің белгісімен ең артында тұрған бала, балалар тобының екі жағымен жүгірген бойы сызықтан өтіп қайтадан қол ұстасуы керек. Егер ұстап алса , қолынан жетектеп әкеліп , топтың алдына келіп тұрады.Ал қалған біреуі торуылшы болып, сызықтың үстінде қалады.
Балалар жүгіріп келе жатқанда торуылшы оларға арқасын беріп , теріс қарап тұрады.Ортасында тұрған қасқыр қуып береді.Қолға түскен балалар ойыннан шығып қалып, келесі ойынға кіреді.Қасқырларды ұсталып қалған балалардың арасынан сайлайды.
Дербес ойындар.
Тренинг: « Біз татумыз »

Бақылау: Жәндіктерді бақылау.
Мақсаты: Күзде жәндіктер қысқа қалай дайындалады?Мінекей, құмырсқаларды қараңдаршы, өз азықтарын жинап еңбектеніп жатыр.
« Қыстың қамын жаз ойла » .
Еңбек : Біздің алаң.
Мақсаты: Ауладағы жапырақтарды жинау.Балалардың еңбекке ынтасын арттырып , өздігінен еңбек ете білуге үйрету.
Жеке жұмыс: Тыйым сөздерді жаттату.
Мақсаты: « Суға түкірме « , « Нанды баспа » , « Дастархан басында кекірме » т.б сөздердің мағынасын айтып түсіндіру.
Қимылдық ойын: « Итеріспек »
Ойын барысы: Ойын көгалда өткізіледі, үлкен шеңбер сызылады, ортаға екі ойыншы шығады.Егер бір аяқпен секіріп жүріп , екі баланың біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен қарсыласын шеңберден итеріп шығарса жеңгені.
Аяғын жерге тигізіп алса, жеңілгені.Ойын жалғаса береді.
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Тығылыспақ.
2. Тартқышқа тартылу.
3.Допты қуалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет