Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Балалардың өз бетімен ойнауы



бет31/48
Дата28.11.2023
өлшемі3,35 Mb.
#130886
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
Байланысты:
цикло қазан 22-23 ж

Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Әткеншек тебу.
2. Допты қуалау .
Тренинг: « Біз біргеміз » .



Бақылау: Күзгі жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Мезгілге байланысты жапырақ түстерінің өзгеруін қадағалау.
Еңбек : Жапырақтардан гүл шоғын жасау
Мақсаты: Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті, әдемілікті сезіне білуге талпындыру.
Жеке жұмыс: « Күзгі жапырақ » тақпақ
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар сезгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей
Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік қорын дамыту.
Ойын: « Аю жүрген орманда » .
Мақсаты: Қимыл қозғалысын дамыту
Қимылдық ойын : « Монданақ » .
Ойын барысы: Монданақ ойыны бойынша белдік-белбеу әйтпесе орамалды шиыршықтап алып дөңгелене отырады.Ортаға біреу шығады.Отырғандар тізерлеп: « Әне кетті монданақ,міне кетті монданақ » ,-деп әндетіп, ортадағы бала сырт айнала бергенде, оны соғып қалып, орамалын қайтадан жасыра қояды.Оны жасыра аллмаған ойыншы ортаға шығады.
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1.Орта доп
2.Әткеншек тебу
3.Қуаласпақ
Тренинг: « Бір шаңырақ астында » .



Бақылау: Алтын күзді бақылау.
Мақсаты: Күзгі алаңның назар аударып, күздің алғашқы белгілерін анықтау.Қай ағаштың жапырақтары ерте өзгеріске ұшырайтынын, түрін, түсін ажырату.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Қимылдық ойын: « Жылғадан қарғып өтеміз » , « Қоян мен қасқыр » .
Мақсаты:Ептілікке, жылдамдыққа бірлесіп ойнауға үйрету.
Еңбек : « Таза алаң »
Мақсаты: Ойын алаңындағы ағаш бұтақтарын жинау.Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Бастаған ісін аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет