Күн тәртібі
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
|
Балаларды қабылдау
|
Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату
|
|
Пж ойын: «Кім көп сөз айтады?»
Шарты: Педагогтың артынан бірнеше сөзді қайталап айтады
|
Еркін ойын: « Бұл үйде кімдер тұрады?»
Шарты: Қуыршақтарымен үй жасап ойнайды
|
Құрылымдалған ойын: «Орнын тап»
Шарты: Жемістер мен көкөністердің көлеңкесін табады
|
Еркін ойын: «Бауын байла»
Шарты: Фетрдан жасалған аяқ киімдердің бауын байлап ойнайды.
|
Еркін ойын: «Ертегілер елінде»
Шарты: Саусақ театр арқылы ойнайды
|
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру
|
Ата-аналармен әңгіме:
Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру
|
Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.
|
Ата-аналармен әңгіме:
Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.
|
Ата-аналармен әңгіме:
Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.
|
Ата –аналармен әңгіме: «Дұрыс тамақтануға баулу»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
Үстел үсті ойыны – пазл:
«Әсем гүлдер бағы »
Балалармен әсем гүлдер туралы әңгімелесу.
|
Құрылыс ойындары:
«Біздің аула гүлдері»
|
Фотосуреттер қарастыру: «Гүлдер,гүлдер көп гүлдер»
Фотосуретте бейнеленген ойын түрлерін атау.
|
Үстел үсті театры:
«Раушан гүлдер» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастыру.
|
Сюжеттік ойындар:
«Қош иісті гүлдер» еркін сурет салу.
Д/ойын: «Менің сүйікті гүлім»
|
|
Таңертеңгі жаттығу
|
Таңғы жаттығу кешені № 4
|
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық
|
«Табиғатым
тамаша»
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
|
«Дала қандай тамаша»
Дала қандай тамаша,
Ақ мамыққа оранған.
Ақ дастарқан жайғандай,
Көз тоймайды қараса.
|
«Табиғатқа қамқор боп»
Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық,
Әдепті да,тәртіпті боп,
Жақсылығын қолдайық.
|
«Табиғат...»
Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған.
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың.
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған!
|
«Табиғатым
тамаша»
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса
|
|
|
|
|
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет
|
1 - ұйымдастырылған іс-әрекет
|
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы Күзгі жапырақтар
Мақсаты: , Дауысты дыбыстардың дыбысталуындағы ерекшеліктерді түсіндіру
Күзгі жапырақтар Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырықық.
Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап
|
Сауат ашу негіздері
Тақырыбы Буынды сызба түрінде көрсетіп үйренеміз
Мақсаты: : буын туралы түсініктерін қалыптастыру
Дидактикалық ойын: «Сөйлемдерді толықтыру». Ойын шарты: балалар педагогтің бастаған сөйлемін жалғастырады жəне сол сөзді буынға бөліп созып айтады. – Өзімнің үлкен бауырым ... (а-ға) – Қыз құлағындағы əшекей ...(сыр-ға) – Ат тұяғындағы темір ... (та-ға) – Қап-қара құс ... (қар-ға) – Шегені қағатын ... (бал-ға) – Ең үздік баға ...(бес) – Білім алатын құрал ... (кі-тап) – Дəптерге жазатын ... (қа-лам-сап). Өздерің жалғастырған сөздерді буынға сызба арқылы көрсетейік. Балалар тақтада жұмыс жасайды.
|
Сауат ашу негіздері
Тақырыбы. Буынға бөлейік
Мақсаты сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіруді жалғастыр
«Буынға буын қос» дидактикалық жаттығуы Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрап , айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу. Көрнекілік: ұсақ жалаушалар, ойыншықтар. Ойын шарты: балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады. Жылдам ойлап, келесі буынды табу. Педагог сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды. Ау- (ла). Ал- (ма). Са- (ра). Сə- (біз). Қа- (уын). Мысалы: үй-рек, бүр-кіт , қар-ға , тыр-на, тор-ғай, та-бақ , ə-теш, же-лім, қа-ғаз, қайшы, қа-лам, кі-тап. Ойын соңында, жеңімпаз бала, анықталып, мадақталады
|
Сауат ашу негіздері
Тақырыбы. Ойнай отырып оқимыз
Мақсаты буындардан сөз құрауға үйрету.
«Жоғалған буын» дидактикалық ойыны Шарты: педагог бір буынды айтады, балалар жалғастырып, келесі буынды табады. Бір буыннан бірнеше сөз құраса болады. те -(геш), те -(рек), те -(мір), те -(сік), те -(тік). ор -(та), ор -(ман), ор -(ақ). өр -(мек), өр -(кеш), өр -(ле), өр -(мек-ші) «Буынды қос» дидактикалық ойыны
– Балалар шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала допты ұстап алып, буынды қосып, сөзді жалғастырады. Мысалы:( ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла). Ойынды өзгертуге болады.
|
|