Қимылды ойын. «Ақ аюлар». (дене шынықтыру) Ұжымдық тапсырмаларды орындауды үйрету, өзара достық қарым-қатынас қабілеттілігін қалыптастыру.
Еңбек: сырғанау жолын әзірлеу.
Ұжымдық тапсырмаларды орындау. Үлкендерге қолдарынан келген көмектерін беруге тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: ересек балалармен бірлескен ойындар
Жүргізуші рөлін өзіне алуды қалыптастыру; белсенділікті, дербестікті тәрбиелеу. Балалардың бастамашылдығын ынталандыру.
Ойынға жауапкершілікпен қарауға, тәртібін бұзбай ойнауға тәрбиелеу.
Серуеннен оралу
Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін ожинау, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
Кешкі ас
Балаларға ауызды жауып жеуді, асты дыбыссыз шайнауды үйретуді жалғастыру. Асты ұқыпты, таза жеу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, көркем сөз) Дастарқанның басында,
Өзіңді жақсы ұста!
Дұрыс отыр! Асыңды іш!
Бойыңа көп жина күш.
Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)
Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) Музыкалық аспаптармен ойындар. Ойыншықтар туралы әндерді тыңдау. Аспаптармен таныстыру. (музыка) Театраландырылған қойылым. "Үйшік" ертегісі.
Мақсат-міндеттері. Танымал ертегі мазмұнын балалардың естеріне түсіру, есте сақтау, ойлау, эмоционалды, ым-ишарамен түсінісу қабілеттерін дамыту.
Керекті құрал-жадықтар.
Киім-кешектер, "Үйшік" ертегісіне қатысатын кейіпкерлердің бетперделері.
Барысы.
Педагог балаларға "Үйшік" ертегісін мазмұндап береді.
Балалар өз қалаулары бойынша ертегі кейіпкерлерін ойнайтын балаларды таңдап алады, кейіпкерлер сәйкес өз костюмдерін киіп, тиісті орындарына барады.
Басында автор сөздерін педагог өзі айтады, ал кейінгі бөлімдерде автор рөліне балалардың бірін ұсынуға болады.
Қойылым соңында педагог кейіпкерлерді бөлек қатарға тұрғызады, көрермендерге қай бала, қай кейіпкердің рөлін ойнағанын таныстырады. Әртіс балалар көрермендерге құрмет білдіріп, бас иеді де, қошеметпен мақтауларға ие болады.
Қойылым соңында педагог балалардан шығарманың осылай аяқталғанына не себеп болғанын анықтайды, кейіпкерлердің әрекетіне қысқаша талдау жасайды.