Автобустарды бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттері. Қоғамдық көлік – автобус туралы білімдерін кеңейту және тереңдету; жеке көлік (тасымалдайтын) оларды ажырата білу. Қоғамдық көлікте өздерін ұстау ережелерімен таныстыруды жалғастыру (үлкендерге орын беру, ақырын сөйлеу, жол ақысын төлеу).
Жұмбақ.
Жүргіздім бұл үйімді,
Жүйткісе, жұрт сүйінді.
Бар жолмен жұртты тасып жүр
Жылдамдыққа басып жүр. (Автобус.)
Қимылды ойын. «Бос орын». (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Белгі бойынша (жүргізуші ойыншыға қолын тигізеді) ойын ережелерін сақтап (шеңберді айналып жүгіреді) босатылған орынға тез отыруды үйрету.
"Сызықты баспа" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. балаларды бір бағытта жылжып секіруге дағдыландыру.
Балалардың секіру жолының бойына көлденең сызықтарды салып қою. Балалар сызықтарды баспай, алға секіруді үйренеді.
Еңбек:күркедегі жолды қардан тазалау.
Тапсырма орындауда мақсаттылықты, күш-жігер салуға, ептілікке тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар. «Қардан құрылыстар жасау». Қарды жиып, оларды күрекпен нығыздап, қажетті пішін құрауды үйрету. Бірігіп ойнауға тәрбиелеу.
Жеңіл көлікті бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттері. Жеңіл көліктер жайлы біліп, оларды атап көрсету; жеңіл көліктердің қосалқы бөліктері жөнінде білімдерін кеңейту. Жүк мәшинесі мен жеңіл мәшиненің айырмашылықтарын атап көрсету.
Жұмбақтар.
Арқасында алып жүр, ала тайым шауып жүр. (Автобус.)
Табаныңда жолы бар, төбесінде қолы бар. (Трамвай.)
Қимылды ойын. «Такси». (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Екі аяқты түзу ұстап, аяқтың ұшымен гимнастикалық шеңберді алып (обруч), қосақтасып жүгіру. Бір-бірін итермеу, ойын ережесін сақтау.
"Ақ сандық, көк сандық" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шартын бұзбай ойнай білуге дағдыландыру; ойын жүргізушісін мұқият тындай білуге, мықтылыққа, шапшаңдыққа баулу.
Екі бала бір-біріне арқаларын сүйеп, қол ұстасып отыру керек.
Жүргізуші:
Ертең ауылым көшеді,
Уық-буын шешеді.
Қара қойым қашады,
Құмалағын шашады.
Ақ сандық, көк сандық,
Арқан тарт, кілем арт!
Балалар "арт" сөзін естісе, бұны белгі деп түсініп, қол ұстасып, орындарынан жылдам тұруы керек. Қайсы қарсыласын арқалап кетсе, сол шарт қояды. Қарсыласы айтылған үй жануарының (құсының) дыбыстағанын келтіреді.