Балалардың дербес әрекеті
(аз қимылды, үстел үсті
ойындары,
бейнелеу іс-әрекеті,
кітаптарды қарау және
басқалар)
|
"Кітап бұрышындағы еңбек".
(кітаптарды қалпына келтіру).
Мақсат-міндеттері. Балаларға жөндеуді қажет ететін кітаптарды таңдауды, оларды мұқият желімдеуді үйрету (желім мен қайшыны дұрыс пайдалану, майлықтарды пайдалану). Кітаптарға ұқыпты қарауды, адал еңбектенуге және тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
|
"Ойыншықтарды тәртіпте ұстау".
Мақсат-міндеттері. Жұмыс басталар алдында балаларға жұмыс алжапқышын киюді үйрету; ойыншықтарды тәртіпте ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою. Еңбекқорлықты, тәртіпсіздікті көре білуді дамыту; сумен жұмыс кезінде ұқыптылықты дамыту. Өз еңбегі мен басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
|
"Біз топ бөлмесінде және жатын бөлмеде терезе алдындағы тақтайды дымқыл шүберекпен сүртеміз".
Мақсат-міндеттері. Балаларды сумен жұмыс кезінде келесі ережелерді сақтауды үйрету, жеңді түру, шүберекті сулау және құрғатып сығу, кірлегенде сумен жуып-шаю.
|
"Күтушіге төсек салуға көмектесу".
Мақсат-міндеттері. Балаларды өз төсек-орындарын ажыратуды үйрету; үлкендерге қолдарынан клген көмектерін жасауға тәрбиелеу; жұмысқа ұмтылысты, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
|