Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Дидактикалық ойын. «Көлеңкесінен таны»



бет14/19
Дата15.12.2023
өлшемі31,43 Kb.
#139552
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
7LocrgKVoj1yxbteGrYMNp1ETKEwR2xCz0VDGMQo

Дидактикалық ойын. «Көлеңкесінен таны».
Мақсат-міндеттері. Суреттегі көлік түрлерін көлеңкесінен танып, сызық арқылы қосуды ұсынады.
(сөйлеуді дамыту)

Дидактикалық ойын. "Қазынасы бар сандық".
Мақсат-міндеттері. Қиял, талдау дағдыларын дамыту.
Ойын материалы және көрнекі құралдар: қорап (сөмке); қорапқа (сөмкеге) салынған жеуге болатын кез келген (жеуге болмайтын) зат.
Сипаттама: ішіндегі затты қолмен сипап сезу арқылы табу.
(сөйлеуді дамыту)

Дидактикалық ойын. «Шектес сандарды ата».
Мақсат-міндеттері. Балаларға ойынға қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын ережесі: бұл ойын үшін бірнеше бөліктен жасалған карточка болу керек. Торкөзге жазылған сандар, ал бір торкөзге сан жазылмайды. Балалар сол жоқ санды тауып алып атау керек. Ойын бірнеше рет қайталанады.
(сөйлеуді дамыту)

Серуенге дайындық

Мақсат-міндеттері:
- киімді дұрыс бүктеуді, ілуді, аяқ-киімді түзу қоюды үйрету;
- өз бетінше жылдам және дұрыс киінуді (шешіне) әдетке айналдыру;
- шкафқа ілінген, қойылған бас киім, сырт киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіп сақтауға тәрбиелеу;
- ауа райына сай киінгенін қадағалау, киімді, аяқ-киімді таза ұстау;
- көмек көрсетуге, алғыс айтуға тәрбиелеу.
(дербес әрекет)

Серуен

Көліктерді бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері. Балаларға балабақша маңайында жүрген көлік үлгілерін бақылауды, барлығына ортақ бөлшектер мен белгілерді (салон, дөңгелектер, рөл, мотор, жүргізуші) айтқызу; түсін, бір-бірінен айырмашылықтарын табуға машықтандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет