Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Сызықты баспа" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)



бет7/19
Дата15.12.2023
өлшемі31,43 Kb.
#139552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
7LocrgKVoj1yxbteGrYMNp1ETKEwR2xCz0VDGMQo

"Сызықты баспа" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды бір бағытта жылжып, алдыға секіруге дағдыландыру.
Балалардың секіру жолы бойына көлденең сызықтарды салып қою. Балалар, сызықтарды баспай, алға секіруге үйренеді.
Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар.
Мақсат-міндеттері. Қимыл-қозғалыс координациясын дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру; ойындарға саналы түрде қосылуға тәрбиелеу.

Автобустарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттері. Қоғамдық көлік – автобус туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдету; жеке көлік (тасымалдайтын) оларды ажырата білу. Қоғамдық көлікке өздерін ұстау ережелерімен таныстыруды жалғастыру (үлкендерге орын беру, ақырын сөйлеу, жол ақысын төлеу).
Жұмбақ.
Жүргіздім бұл үйімді,
Жүйткісе, жұрт сүйінді.
Бар жолмен жұртты тасып жүр
Жылдамдыққа басып жүр. (Автобус)
Қимылды ойын. «Бос орын». (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Сигнал бойынша (жүргізуші ойыншыға қолмын тигізеді) ойын ережелерін сақтап (шеңберді айналып жүгіреді) босаған орынға жылдам отыруды үйрету.
"Сызықты баспа" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды бір бағытта жылып, алдыға секіруге дағдыландыру.
Балалардың секіру жолы бойына көлденең сызықтарды салып қою. Балалар сызықтарды баспай, алдыға қарай секіруді үйренеді.
Еңбек: күркедегі жолды қардан тазалау.
Тапсырма орындауда мақсаттылықты, күш-жігер салуға, ептілікке тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар. «Қардан құрылыстар жасау».
Қарды жиып, күрекпен нығыздап, одан қажетті пішінді жасауды үйрету. Бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.

Жеңіл көлікті бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттері. Жеңіл көліктер жайлы біліп, оларды атап көрсету; жеңіл көліктердің қосалқы бөлшектері жөнінде білімдерін кеңейту. Жүк мәшинесі мен жеңіл мәшиненің айырмашылықтарын атап көрсету.
Жұмбақтар.
Арқасында алып жүр, ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Табаныңда жолы бар, төбесінде қолы бар. (Трамвай)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет