Үстел үсті ойыны. «Мозаика».
Мақсат-міндеттері. Балаларға берілген суреттердің бөлігін табу және орналастыруды үйрету. Тапқырлыққа тәрбиелеу.
(танымдық дағдылар)
Жапсырудан ойын-жаттығу "Жүк көлігі".
Мақсат-міндеттері. Балаларға жүк көлігінің үлгілерін қағаз бетіне орналастырып жапсыруды үйрету.
Дидактикалық ойын. "Көлік жүк тасымалдауда".
Мақсат-міндеттері. Геометриялық пішіндерді түсі мен көлеміне қарай ажырату біліктерін дамыту. (математика негіздері, сөйлеуді дамыту)
Ертеңгілік жаттығу
Жалпы дамыту жаттығулары (кішкентай доптармен) 1. Бастапқы қалып: дене тік, доп оң қолдарында
1-2 балалар қолдарын жандарына созады, жоғары көтереді, допты сол қолдарына салады.
3-4 қолдарын төмен түсіріп, бастапқы қалыпқа келу (жаттығу сол қолымен орындалады), 5-6 рет қайталанады.
2. Бастапқы қалып: аяқ арасы алшақ, дене тік, доп оң қолдарында.
1-2 оң аяқты көтеріп, бүгілген оң аяқтың астынан допты сол қолға салады.
3-4 Бастапқы қалыпқа келу (дәл осы жаттығу сол жаққа 5 рет қайталанады).
3. Бастапқы қалып: аяқ арасы алшақ, дене тік, доп оң қолдарында
1 отыру, қолдарын алдына созып, допты сол қолдарына салу.
2 Бастапқы қалыпқа келу (дәл осы жаттығу сол жаққа 5 рет қайталанады).
4. Бастапқы қалып: тізені бүгіп, өкшемен отыру, доп оң қолдарында.
1-3 допты өзінен оң жаққа түзу домалату.
4 допты алу, тіктелу, допты сол қолға салу (дәл осы жаттығу сол жаққа 5 рет қайталанады).
5. Бастапқы қалып: жерге отыру, аяқты бірге түзу қою, доп аяқ жақта, қолдарымен артқа қарай жер тіреу.
1-2 аяқты түзу жоғары көтеру, допты домалату және ұстап алу,
3-4 Бастапқы қалып: жаттығу орташа қарқынмен орындалады (жаттығу 5 рет қайталанады).
6. Бастапқы қалып: дене тік, допты екі қолмен төменде ұстау; допты лақтыру және ұстап алу (жаттығу 5 рет қайталанады).
7. Бастапқы қалып: дене тік, доп оң қолдарында. Оң және сол аяқтарымен айнала оңға, солға педагогтің 1-8 дейін санау және секіру. (дене шынықтыру, дербес әрекет, мәдени-гигиеналық дағдылар)
Таңғы ас
Балаларға ауызды жауып жеуді, асты дыбыссыз шайнауды үйретуді жалғастыру. Асты төкпей-шашпай жеу (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, көркем сөз) Дастарқанның басында,
Өзіңді жақсы ұста!
Дұрыс отыр! Асыңды іш!
Денеңе көп күш жина.