Қимылды ойын. «Такси». (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Екі аяқты түзу ұстап, аяқтың ұшымен гимнастикалық шеңберді алып (обруч), қосақтасып жүгіру. Бір-бірін итермеу, ойын ережесін сақтау.
"Ақ сандық, көк сандық" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шартын бұзбай ойнай білуге дағдыландыру; ойын жүргізушісін мұқият тындауды үйрету, күштілікке, шапшаңдыққа баулу.
Екі бала бір-біріне арқаларын сүйеп, қол ұстасып отыру керек.
Жүргізуші:
- Ертең ауылым көшеді,
Уық-буын шешеді.
Қара қойым қашады,
Құмалағын шашады.
Ақ сандық, көк сандық,
Арқан тарт, кілем арт!
Балалар "арт" сөзін естісе, бұны белгі деп түсініп, қол ұстасқан күйде жылдам тұруы керек. Қайсы қарсыласын арқалап кетсе, сол шарт қояды. Қарсыласы айтылған үй жануарының (құсының) дыбыстағанын келтіреді.
Еңбек: берілген жеке тапсырманы мұқият орындауға үйрету. Еңбекке дұрыс көзқарастарын тәрбиелеу.
Өз бетімен ойналатын ойындар. «Секіргішпен ойна». Ұялшақ және сенімсіз балаларды өзгелермен бірлесіп ойнауға ыңғайлы жағдай жасау.
Жүк автокөлігін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттері. Жүргізуші мамандығы туралы жалпы білімдерін қалыптастыру. Жүк мәшинесінің құрылысы туралы білімді бекіту (кузов, кабина және тағы басқа), олардың атауын білу; жеңіл автокөліктен ажыратуға үйрету.
(сүт таситын мәшине, жүк таситын мәшине)
Жұмбақ.
Резеңке аяқты жануармын,
Барлық жолдарды кезіп өтемін,
Құрылыста іске жараймын,
Жұмыстан мен қорықпаймын. (Мәшине)
Қимылды ойын. «Оқтау тартыс». Қазақ халқының ұлттық ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Балаларды шағын топтарға бірігіп, келесідей әрекет етуге (белгі бойынша арқанды мен қарама-қарсы топ балаларын өзіне тарту) үйрету.
"Кім жылдам?" қимылды ойын-жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Кедергілерді жойып, жан-жаққа жүгіру біліктіліктерін бекіту.
Еңбек: әткеншектерді қардан тазалау.
Балаларды күрекпен жұмыс істеуді үйрету (қарды шанаға тиеп, арнаулы орындарға апару). Еңбектің маңыздылығын түсіндіру.