Шаттық шеңбері.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Сәлем бердік біз.
Әр түрлі жұмсақ ойыншықтарды беру арқылы бір біріне жақсы сөздер айту.
Жаңалықтарымен бөлісу. Жыл басы «Наурыз» мерекесі тақырыбында әңгімелесу. Бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)
|
Ұйымдастырылған
іс-әрекеттер
|
Сөйлеуді дамыту
Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, «Асар»,«Сүйінші сұрау» дәстүрлерінің мәнін ұлттық бұрышта ойын түрінде ойнатып түсіндіру.
Дене шынықтыру
маманының жоспары бойынша
Математика негіздері
Беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, киіз үй бөлшектерін салыстыруды үйрету
Нүктелерді, өрнектерді
дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру
Жоспарланған нәтижеге жетуге, өзі мен құрдастарының еңбегінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижелерін бағалауға және құрметпен қарауға, кішілерге көмек көрсетуге,қажет болған жағдайда оларға жүгінуге баулу. Асар дәстүрін түсіндіру.
|
Көркем әдебиет
Жұмбақ шешу, айтыс өнерін таныстыру. Айтысты тыңдап, не туралы екенін түсінгенін айту.
Музыка
маманының жоспары бойынша
Сауат ашу негіздері
Сөйлем сөздерден тұратынын түсіндіру. Әр түрлі заттарды, карточкаларды қолданып үйлестіріп сөйлем құрату.
Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең
ирек сызықтарды
жазуға мүмкіндік беру
Сурет салу Мүсіндеу
|