Шаттық шеңбері видео арқылы.
Өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болуды үйрету. (Қарым-қатынас іс-әрекеті) Балалардан бүгінгі сезінген әсерлерімен бөлісуді ұйымдастырып, жаңалықтарды білуге ынталандыру.
Көктем мезгілінің ерекшеліктері? Көктемде ауа райы қандай? Көктемгі ойындар туралы не біледі және не білгісі келеді сұрау және бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылату, қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылған іс әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттер
Сөйлеуді дамыту Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру:
сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдануды жетілдіру. Наурыз көже туралы не білетіндерін сұрау. оны кім қалай жасайды әңгімелесу.
Математика негіздері Қамшымен таныстыру, аттың әр жағына қойып атату. Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту. Қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын тануын пысықтау. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу, қазақ халқының құндылықтарына құрмет танытуды үйрету.
жыл басы «Наурыз» мейрамы маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу белсенділігін дамыту. Наурыз көже жасату.
Көркем әдебиет Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді орындауға ынталандыру. Жыл басы «Наурыз» мерекесіндегі атаның бата беруін сахналату. Бата жаттау.