Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет4/53
Дата20.05.2023
өлшемі149,5 Kb.
#95595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Математика негіздері
Заттарды топтастырғызу. «Бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру. Тік және көлбеу таяқшаларды
дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.



Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдануды үйрету: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеуді үйрету
Тақпақ жаттату.
Көктем
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.

Түрлі-түсті әйбат,


Гүлдер шықты жайнап.
Қызыл-жасыл аймақ,
Қырға шықтық ойнап.
Б.Жақып


Музыка
маманының жоспары бойынша


Сауат ашу
Назарын терезеге аудыру. Не көріп тұрғандарын сұрау. Көктемнің белгілерін атап , сол сөздерді буынға бөлгізу. Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, буындардың саны мен ретін анықтату.
Нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап жазуға мүмкіндік беру.


Қоршаған ортамен таныстыру
Суретті карточкаларды құрастыру. Сол бойынша өз ойларын айтқызу. Адам табиғаттың бір бөлігі екенін және оны қорғау, сақтау керек екенін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білу дағдысын пысықтау.



Көркем әдебиет
Шешендікке, сөз өнеріне баулу. Мнемокесте арқылы жаттаған ізгі сөздер мен мақалдарын естеріне түсіру, айтқызу. Мағынасын түсіндіру
Математика негіздері
Ғажайып сандықтан шыққан заттарды топтастыру. «Бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.
Тік және көлбеу таяқшаларды
дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет