Музыка
маманының жоспары бойынша
Сауат ашу негіздері
Өздерінің есімдерінің алғашқы буындарынан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету. Қысқа, ұзын сызықтарды
жазуға мүмкіндік беру.
Қоршаған ортамен таныстыру
Шағын ыдыстарға гүл отырғызу. Тамырдың суды сорып, сабағы арқылы су өткізіп, басқа бөліктерін қоректендіруі, өсімдіктердің өсуі үшін ылғалдың, жарықтың, жылу мен тыңайтқыштың қажеттігі олардың жылуды, суықты, күнді немесе бұлтты ауа-райын сезуі, олардың өсуі және көбеюі жайлы білуін дамыту.
|
Көркем әдебиет
Санамақ, жаңылтпаш айтқызу.
Топ, топ, добым
Топ, топ, добым домалақ, Қайда кеттің домалап?
«Біp, екі»,- деп, eкi ұрдым, Терезеге секірдің.
«Үш, төрт, бес»,- деп үлгepдiм, Ішіне ендің гүлдердің.
«Алты, жеті,- дегенде,
Жаттың шоршып еденде.
«Сегіз, тоғыз, он»,- дедім, Енді ырқыма көнбедің.
Топ, топ, добым домалақ, Қайда кеттің домалап?
Ғалым Океев
Математика негіздері
10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару жолдарын меңгерту.
Тік және көлбеу таяқшаларды
дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
Дене шынықтыру
маманының жоспары бойынша
Қазақ тілі
Өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары, татулық, жақындық, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу.
|
Серуенге дайындық
|
Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.
Балалардың ретімен киінуін, ауа-райы жағдайына байланысты жылы киінуін бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
|
Серуен
|
Жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді саналы түрде орындауға баулуды жалғастыру. Ережелер барлығына жақсы болуы (қарапайым, жайлы, қауіпсіз) үшін жасалатынын балалардың түсінуіне жағдай жасау. Егер белгілі бір ережелер сақталмаған жағдайда не болатынын балалармен талқылауды ұйымдастыру
|
Достарыңызбен бөлісу: |