Балалардың дербес әрекеті
(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
Балаларды қалауы бойынша орталықтарға бөлініп ермексаздан бәйшешек мүсінін жасату, суретін салғызу, қағаздан қиып алып жапсыру немесе өз бетінше әр түрлі заттарды пайдаланып ойдан құрастыруға баулу
(Шығармашылық іс-әрекет), (бейнелеу іс-әрекеті)
Терезеге қарап, көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы жеке әңгімелер жүргізу.
(Қарым-қатынас іс-әрекеті)
|
Ізгі сөздер мен мақалдарды балалармен жеке жұмыс жасау арқылы жаттату.
(Қарым-қатынас іс-әрекеті)
Балалардың қалауы бойынша ермексазбен, түрлі түсті қағазбен шығармашылық ұжымдық жұмыстар жүргізуге баулу. (Шығармашылық іс-әрекет)
|
Кітапқа қарап сурет мазмұны бойынша әңгіме айтуын жетілдіру.
(Қарым-қатынас іс-әрекеті)
Көктем мезгілі туралы қалауы бойынша сурет салғызу, мүсін жасату немесе қағаздан қиып жапсыруына ерік беру.
(Шығармашылық, бейнелеу іс-әрекеті)
Өз өзіңе көмектес бастамасымен топтағы тазалық жұмыстарын орындату.
(еңбек іс-әрекеті)
|
Балаларға қалауы бойынша орталықтарға бөлініп жұмыс жасауын ұйымдастыру.
Серуен кезіндегі бақылаудан кейін - алған әсерлерін суретте бейнелеу; қылқаламмен қағазға басып салу тәсілдерін қолдануға; қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.
(бейнелеу іс-әрекеті)
«Гүлдер таласы» ертегісін үстел үсті театры арқылы балалардың бір біріне айтып беруін ұйымдастыру.
(Қарым-қатынас іс-әрекеті)
|