Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет39/53
Дата20.05.2023
өлшемі149,5 Kb.
#95595
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
мектепалды циклограмма наурыз

ТАҢЕРТЕҢГІ ЖАТТЫҒУЛАР


Наурыз ( 1- кешен)
1. Бір қатарда жүру, шашырап жүгіру.
2. Звеноға бөлініп орындық үстіне отыру.
3. Б.қ. тізені бүгіп орындық үстінде, қолды белге қойып отыру. Қолды жанға созу, жоғары көтеру, қолды жанға, б.қ. келу 6-8 р.қ.
4. Б.қ.3-тегідей қолды жанға созу оң жанға иілу, қолмен еденге аяқ ұшын ұстау, б.қ. келу, сол жақта қайталау 6-8 р.қ.
5. Б.қ. орындық үстіне отырып, аяқты алға созып, қолды желкеде ұстап отыру,
қолды жанға созу, оңға, жанға, алға еңкею б.қ. келу сол жақта орындау 6-8 р.қ.
6. Б.қ. орындық алдында тұру. Оң аяқты орындық үстіне қою, сол аяқты скамейка үстіне қою. Оң аяқпен орындықтан түсу, 6-8 рет қайталау.
7. Орындыққа арқасын беріп отыру. Орындықтың үстіңгі жағынан ұстап отыру, аяқты тік алға, жоғары көтеру. Б.қ. келу.
8. Орындыққа жанымен тұру, қолды жанға түсіріп тұру. Орындық жанында секіру. Алға жүріп секіру, артқа жүріп секіру.
9. Бір қатарда орындықты айналып жүру, жүгіру.
Бұл айдың соңында демалыс берілетіндігінен гимнастика комплексі біреу ғана жоспарланады.

Ертегі әңгімелер


Бақша ағаштары


Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

    • Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

    • Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

    • Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, -деді баласы.

    • Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.

Ыбырай Алтынсарин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет