Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет40/53
Дата20.05.2023
өлшемі149,5 Kb.
#95595
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53

Асыл шөп


Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесине бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахлап-ухлеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады.
Сонда Злиха айтты:

    • Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?

    • Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима.

    • Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, менде ауырымды жеңілдетейін деді

Злиха

    • Ол шөп сенің қолыңа түспейме деп қорқамын аты: сабыр деген деді.

Ыбырай Алтынсарин

Тәртіпсіз лақ


Кеш. Аулада, терек саясында кітап оқып отырғанмын. Кенет тарс – тұрс дыбыс шығып, басымды көтердім.
Қарасам, көршімнің біріншіде оқитын баласы кішкентай ақжағал лақты қуалап жүр.
Бір кезде жетті-ау лаққа. Мүйізінен ұстап алып, басқа төпелеп жатыр.Үйден әжесі шығып, оның қылығын көрді де:

      • Әй, Тәлтай! Ұрма лақты!

Айқайға алаңдаймын деп, Тәлтай лақтан айырылып қалды. Төніп келген әжесінен қашпай тымыраяды.

      • Неге ұрасың ой, тәртіпсіз?!

      • Лақ тәртіпті ме? Неге еккен ағашымды құлатады?

Қараймын, әлгінде ғана терезе алдына еккен өрімталы қисайып жатыр. Оны көрген әжесі:

      • Жә, екеуің де оңып тұрған жоқсыңдар, - деп қолын бір сілтеп, жөніне кетті.

      • Маған ұрсады, лаққа ұрыспайды, - деп бұртаңдаған Тәлтай құлаған талын тұрғызып жатты.

Н. Сералиев


Торғай мен көбелек


Балабақша ауласында қызыл, сары, ақ гүлдер өскен әп-әдемі гүлзар бар еді.
Сонда бір теңбіл қанат ақ көбелек гүлден-гүлге қонып, шырын сорып жүрген.
Оны бір қу торғай көре қалды да, ұстап жегісі келіп, қуа жөнелді.
Көбелек гүлзар үстінде жоғары-төмен, оңға-солға бұлтарып қаша берді, қаша берді.
Торғай да қыр соңынан қалмай, қанаты пыр-пырлап қуа берді, қуа берді.
Жанталасқан көбелек бір гүлге барып қорғалып еді, қу торғай оны қақшып кете жаздады. Одан тағы да қайта ұшып, әрлі-берлі бұлтақтай қашып жөнелді.
Біреуі аз болғандай, енді оған екінші торғай келіп шүйілді. Екеуі пыр-пыр етіп таласа кеп қуды. Бір торғайдың қанаты қағып, біреуінің тұмсығы да тиіп өтті.
Міне, осы қиын сәтте ақ көбелек сонда жүрген бір кішкентай қыздың көйлегіндегі гүлге барып қона қалды. Содан мысы құрыған екі торгай енді оған жуый алмай, жай-жайына кетісті.
Ақ көбелек болса қайтадан гүлзарға барып, гүлден-гүлге қонып, тағы да шырын сора бастады.
Т. Жексенбай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет