Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет7/53
Дата20.05.2023
өлшемі149,5 Kb.
#95595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
мектепалды циклограмма наурыз

Күндізгі ұйқы

Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, қол орамалды пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды пысықтау. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
Тыныш ұйықтауы үшін жайлы баяу музыка тыңдату. «Кәрі аяз бен жас аяз» ертегісін және кітаптардан басқа да ертегілер оқып беру (көркем әдебиет)



Біртіндеп ұйқыдан ояту,
сауықтыру шаралары

Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.
(дене жаттығулар мен белсенді қимылдар)
Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару.
Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға, өруге үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
Гигиеналық шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.
Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды жетілдіру. (мәдени-гигиеналық дағдылар).



Бесін ас

Кезекшілердің жұмысын ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау) Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын орындауды жетілдіру.
Таза және ұқыпты тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Асты тауысып жеуге үйрету. Тамақтан соң ас қайырту, бата беруді қалыптастыру.
(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет