Білім беру ұйымының кестесі
бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Дене шынықтырудан ойын-жаттығу
"Сылдыр аққан су"
Мақсат-міндеттер: Балаларды екі жолақтың арасымен тура бағытта бір-бірінен соң тізбекте жүру іскерліктерін жетілдіру; жүру икемділігін дамыта отырып, дене және аяқ бұлшықеттерін дамыту; өзара достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу; балаларды жаттығу кезінде дәлдікке, оқу қызметіне белсенді қатысу қабілетіне тәрбиелеу.
|
Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу
"Жалқау мысық"
Мақсат-міндеттер: Балаларды ертегіні мазмұнынын түсініп, әрекеттердің дамуын қадағалауға үйрету; ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру; еңбексүйгіштікке, ұқыптылықты тәрбиелеу.
|
Қоршаған ортамен таныстырудан ойын-жаттығу
"Сиқыршы су"
Мақсат-міндеттер: Судың қасиеттері туралы түсініктерді бекіту: мөлдір, тұнық емес, түрлі-түсті; суық, ыстық, жылы болуы мүмкін; су сұйық , ағады, құйылады; суды әртүрлі түстермен қалай бояуға болатындығы туралы түсінік беру; сөздік қорын байыту, зейінін, есте сақтау қабілетін, тәжірибе жасау қабілетін дамыту; балалардың педагогты тыңдау қабілетін дамыту.
|
|