Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Сурет салудан ойын-жаттығу



бет6/14
Дата05.06.2023
өлшемі31,74 Kb.
#98797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
3апта кіші топ

Сурет салудан ойын-жаттығу
"Сиқырлы тамшылар"
Мақсат-міндеттер: Мақта таяқшаларымен жаңбырдың суретін салуды, оның ерекшелігін бере отырып (қатты жаңбыр – көп тамшылар; себелеген жаңбыр – бірнеше тамшы) бүкіл парақ бетінде орналастырып, нүкте «түрту» әдісі арқылы салуды үйрету; көк, көгілдір түстері жайлы қарапайым ақпарат беру; негізгі түстер туралы білімдерін бекіту; ұқыптылыққа,өзара көмекке тәрбиелеу.

Музыкадан ойын-жаттығу
"Күн, ауа және су"
Мақсат-міндеттер: Көңілді әуен арқылы көңіл күйді сыйлай білуге талпындыру. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Балаларды достыққа, бірлікке,татулыққа тәрбиелеу.

Серуенге дайындық

Балаларға өз киімдерін тануды, атауды, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Гүлзардағы гүлдерді бақылау. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)
Мақсат-міндеттер: гүлзардағы гүлдерді қарастыру барысында өсімдіктерге деген қамқорлық , жанашырлық сезімдеріне баулу.
"Өз үйіңді тап" ойыны.
Мақсат-міндеттер: гүлдердің түсін ажырата білуге үйрету, шашырап жүгіру дағдыларын бекіту.
Еңбекке баулу мақсатындағы тапсырмалар.
Гүлдерді суғару.
Мақсат-міндеттер: гүлдерге ересектермен бірге күтім жасауға деген ниетке баулу.
Түзу жол бойымен (ені 20 см, ұзындығы 2-3 м) жүруге жаттықтыру.
Құм-су ойындары - құрғақ және дымқыл құмның қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыруға жағдай туғызу.
"Қуыршақ Данаға түскі ас әзірлейміз" сюжетті-рөлдік ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларды бірге ойнауға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет