Жаңбырды бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер: балаларды маусымдық құбылыстардың бірі - жаңбырмен таныстыруды жалғастыру. Жаңбырдың өсімдіктердің өсуіне ықпалы жайында түсіндіріп, айтып өту.
Далаға шығып бара жатып, бүгінгі ауа-райы қандай (жаңбырлы, бұлтты) екеніне назар аударту. Жаздың жылы жаңбыры барлық өсімдіктерді суғаратынын айту. Өсімдіктердің жапырақтары ылғалданып, жаңбыр тамшылары күнге шағылысады.
Көркем сөз. Алғашқы найзағай ойнап аспанда,
Дайындалып жаңбырға,
Жиналды бұлттар да.
Жаңбыр жауып қандырды,
Шөптердің шөлін.
Жайқалып, құлпырды,
Мен еккен гүлім!
"Тауық пен балапандары" қимыл-қозғалыс ойыны (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларда белгі бойынша қимылдар жасау қабілеттерін дамыту, әр түрлі бағытта жүгіруде және жорғалап кіре білуге жаттықтыру.
"Торғайлар мен мысық" ойыны. (дене шынықтыру)Мақсат-міндеттер: балаларда кеңістікті бағдарлай алу және бір - бірімен қақтығыспай топта қозғалу қабілетін дамыту. Белгі бойынша әрекет ету, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, тез жүгіріп келе жатып секіруге жаттықтыру.
Далаға алып шығатын материалмен ойындар. Мақсат-міндеттер: балаларды өз бетінше ойынға қажетті атрибуттарды іріктеп, таңдап алуға үйрету.
Алып шығатын материалдар: күрек, сыпырғыш, қалақшалар, қалыптар.
Ағаштар мен бұталарды бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер: бұталар мен ағаштар туралы білімдерін бекіту, ағаштар мен бұталар арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету, ағаштар мен бұталарға ұқыпты, қамқорлықпен қарауға үйрету.
Негізгі мазмұны. Балалардан балабақша аумағында қандай ағаштар мен бұталар өсетіндігін сұрау.Ағаштың бұтадан айырмашылығын сұрау. Ағаштың бір діңі бар, бұтаның діңі жоқ. Ағаш бұтадан биік.
Көркем сөз. Ағаштарға қамқорлық жасайық,
Жапырақ пен бұталарын жұлмайық.
Жыл сайын ағаш егіп, көбейтейік.
Туған елді осылайша көркейтейік!