Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет2/8
Дата18.10.2023
өлшемі40,15 Kb.
#117974
1   2   3   4   5   6   7   8
(еңбек дағдылары)

"Біз топ және жатын бөлмелерінің терезе алдын дымқыл матамен сүртеміз".
Мақсат-міндеттер: балаларды сумен жұмыс жасау барысында келесі ережелерді сақтауды: жеңді түру, матаны сулап, қатты сығу, былғанған жағдайда жууға үйрету.
(еңбек дағдылары)

"Біз орындықтарды орындарына қоямыз".
Мақсат-міндеттер: еңбек дағдыларын дамытуды жалғастыру; тапсырмаларды жылдам, ұқыпты орындау.
(еңбек дағдылары)

"Кітап бұрышындағы еңбек" (кітаптарды қалпына келтіру).
Мақсат-міндеттер балаларды жөндеуді талап ететін кітаптарды таңдауды үйрету, оларды мұқият желімдеу (қайшы мен желімді дұрыс қолдану, майлықты дұрыс пайдалану). Кітаптарды ұқыпты қолдануға, жұмыс істеу біліктілігін, тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.
(еңбек дағдылары)

"Өз төсек-орнымызды жинауды үйренеміз".
Мақсат-міндеттер. Балаларда өз төсектерін күтіп ұстау біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру; тиянақтылыққа тәрбиелеу, басқаларға көмектесуге ұмтылу; еңбекке баулу; өзіне-өзі қызмет көрсетуге дағдыландыру.
(еңбек дағдылары)

"Үйшіктер" құрылыс ойындары.
Мақсат-міндеттер: балалардың ұсақ қол моторикасын, ақыл-ойын, қиялын, зейіндерін, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Ойын жабдықтары.
(құрастыру)


"Лего" немесе ағаш құрылыс ойыншықтары.
Балаларға бірнеше сурет үлгісін ұсынуға болады.
(құрастыру)

"Лото" үстел үсті ойыны (геометриялық пішіндер).
Мақсат-міндеттер: балалардың зейіндерін тұрақтандыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту; заттарды топтастыруға дағдыландыру; байқампаздыққа тәрбиелеу.
Әр бала бір геометриялық пішінді алып, сол пішінге ұқсас заттар бейнеленген карточкаларды таңдайды.
(математика негіздері)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет