Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымының кестесі



бет5/8
Дата18.10.2023
өлшемі40,15 Kb.
#117974
1   2   3   4   5   6   7   8
Білім беру ұйымының кестесі
бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу
"Су-тіршілік көзі"
Мақсат-міндеттер: Балаларға су туралы айту, судың маңызы мен пайдасын түсіндіру; сөздік қорларын молайту; сөз байлығын,
дүниетанымын, ой өрісі мен зейінін дамыту; қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Дене шынықтырудан ойын-жаттығу
"Тұп-тұнық су"
Мақсат-міндеттер: Балаларды жетекшінің ауысуымен жүгіру; гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеуге үйрету; балаларда жүруді жүгірумен кезектестіру; жұппен түрлі бағытта жүгіру дағдыларын жетілдіру.

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу
"Аққу - қаздар" ертегісі
Мақсат-міндеттер: Балаларды ертегінің мазмұнын толық өз ойларын жеткізіп айтуға үйрету; ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын молайту; адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сурет салудан ойын-жаттығу
«Тоғандағы балықтар»
Мақсат-міндеттер: Балаларды сурет салудың дәстүрден тыс тәсілі боялған сабын көпіршіктерінің көмегімен сурет салу техникасымен таныстыру; адам үшін судың маңызы жайлы білімдерін бекіту; шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, түстерді үйлестіру біліктілігін, қиялдарын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; өз бетінше жұмыс істеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Қоршаған ортамен таныстырудан ойын-жаттығу
«Сиқыршы су»
Мақсат-міндеттер: Судың қасиеттері туралы түсінік беру.Балаларды ойларын жеткізе білуге, сөйлемдерді дұрыс құруға, қорытынды жасай білуге үйретуді жалғастыру. Балалардың сөйлеуін, ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Тәжірибе арқылы балалардың су туралы білімдерін нығайту.Балаларды табиғатқа, суға қамқор болуға тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет